Алматыдағы зообақта егіз ягуар туылды. Оларды Мика мен Мәди деп атаған.
Біздің ягуарлар жұбы Васек пен Момынның егіз ягуарлары: Мика ұрғашы және Мади еркек төлдерді өмірге келгенін қуана хабарлаймыз. Олар 9 шілдеде туған, бірақ біз олар туралы қазір ғана айтып отырмыз. Өйткені біз өте ырымшылмыз және төлдердің өсіп, жетілгенін күттік,
деп жазылған Алматы зообағының Instagram-дағы парақшасында.
Хайуанаттар бағы қызметкерлерінің сөзінше, Мика әкесіне ұқсайды, оның терісінің түсі қара. Ал Мәди анасы сияқты терісі теңбіл. Бірақ Миканың мінезі анасына тартқан, өте мейірімді. Ал Мади әкесі Васек сияқты шапшаң, тентек.
Жалпы анасы мен төлдердің жағдайы жақсы. Кез-келген үй марғаулары сияқты, Мади мен Мика да бір-бірімен немесе анасының құйрығымен ойнағанды ұнатады. Алматы хайуанаттар бағының ягуарларын тамашалауға келіңіз,
деп жазды Алматы хайуанаттар бағы.