Бұл дұрыс болды.
Осы күнге дейін микроқаржы ұйымдары кредитті бейберекет беріп келді. Көбіне оған ұрынатын жастар еді. Оның азабын баласымен бірге ата-ана да талай тартты.
Енді осы жүйе бір ізге түсетін түрі бар, деп жазды Қаржылық сауат арнасы. Қазір қоғамдық талқылауға Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің құжаты түсті. Ол микрокредит алғысы келетін қазақстандықтарға биометриялық тексерістен өтуді міндеттейді.
Енді кредит алу үшін тек азамат туралы дерек енгізу аздық етеді. Микроқаржы ұйымынан қарыз алатын адам өзінің бет-жүзін куәліктегі бейнесімен сәйкестендіріп қана қоймай, қолындағы смартфонымен цифрлық қолтаңбасын да қоюға міндетті болады.