Миллениалдар мен зумерлер жұмысын неге ауыстыра береді?

Microsoft зерттеуі бойынша, зумерлер мен миллениалдардың 49%-і жұмыс істеудің гибрид моделіне көшуді қарастырып жатыр, ал 46%-і қашықтан жұмыс істегісі келеді.

Зумерлер — интернет ұрпағына жататын буын (шамамен, 1990-2010 жылы туғандар). Миллениалдар — 1980-1990 жылы дүниеге келгендер. Бүгінде жұмыс күшінің едәуір бөлігінде 18-41 жастағы қызметкерлер істейді.

Microsoft компаниясының Work Trend Index кейінгі есебі бойынша, бұл қызметкерлер жұмыстың өміріндегі ролін қайта қарастырып жатыр. Олар жұмыстан не қалайтынын және оның орнына не бере алатынын ойлайды. Зерттеу зумерлер мен миллениалдардың 49%-і биыл жұмыс орнын ауыстыру мүмкіндігін қарастыратынын көрсетті. Сонымен бұл екі буын жұмысын неге ауыстыра береді?

1. Еркіндік пен икемділік деген жаңа тренд пайда болды

Work Trend Index-тің 2022 жылғы есебі барлық қызметкер жұмыстың икемділігін қалайтынын көрсетті, бірақ бұл өзгерісті ең көп қолдайтындар — миллениалдар мен зумерлер. Олардың 49%-і жұмыс істеудің гибрид моделіне көшуді ойлайды, ал 46%-і қашықтан жұмыс істегісі келеді. Бұл екі буын басқаларына қарағанда жұмыс таңдау еркіндігіне ерекше мән береді.

2. Басымдықтар өзгереді — әл-ауқат пен корпоративтік мәдениет маңызды бола бастады

Миллениалдар мен олардан кейінгі буын қызметкерлеріне қажеті икемділік қана емес. Бұл қызметкерлер үшін жалақыдан кейінгі басты басымдықтардың бірі — жұмыс орнындағы оң мәдениет (46%), әл-ауқат (42%) және істеп жатқан істің мақсаты немесе мәні болуы (40%).

3. Жұмыстан шығуға болады, өйткені бизнес өзгеруі керек

Зерттеу екі жас буын өкілдері жұмыстан шығудан қорықпайтынын көрсетті. Еуропада сауалнамаға қатысқандардың жартысына жуығы (49%) биыл жаңа жұмыс берушіге ауысуды қарастырып жатыр. Бұл көрсеткіш Таяу Шығыс және Африкадағылардың орташа көрсеткішінен (36%) артық. Тағы 31%-і қашықтан жұмыс істеуге мүмкіндік беретін басқа жұмыс іздейтінін білдірген.

4. Тағы бір маңызды өзгеріс — гибрид жұмыс. Бұл үшін не істеу керек?

Миллениалдар мен зумерлер болашақта жетекші лауазымдарға көбірек ие бола бастайды. Сондықтан қазір және болашақта үздік мамандарды тарту үшін ұйымдар өзінің жұмыс істеу әдісін қызметкерлердің жаңа үмітіне сай етіп бейімдеуге тура келеді. Сондықтан HR мамандары мен бизнес-лидерлер осы топтар қатысатын, жұмыста ниеттестік сезінетін және өз мақсатын нақты түсінетін компаниялар құруы керек.

Тиімді гибрид командалар жасау үшін менеджерлер командалық келісімдерді енгізіп, кеңседе «неге», «қашан» және «қалай» деген сұрақтарға нақты жауабы болуы керек. Бұл мынаны білдіреді:

  • жеке серіктестік мақсаттарын келісу;
  • қай уақытта жиналатынына қатысты ереже бекіту;
  • гибрид кездесулер этикетін бекіту;
  • кеңістік қосымша рольді қаншалық атқара алатынын ойластыру.

Бұл келісімдер барлық қызметкер қызығып жұмыс істейтініне кепілдік беруі керек. Басшылар цифрлық ынтымақтастық мәдениетін дұрыс қолданса, қызметкерлердің қашықтығын және басқа да қиындықтың бәрін жеңе алады. Ол үшін мынадай онлайн сервистерді пайдалануға болады:

  • Жиналыстарды жоспарлауды жеңілдету және оңтайландыру үшін ашық / ортақ Outlook күнтізбелері.
  • Microsoft Teams сілтемелерін жиналысқа әр шақыруға қосады. Сонда адамдар қай режимде (онлайн немесе офлайн) қосылғысы келетінін таңдай алады.
  • Жаңартылған Outlook RSVP пайдалану жиналысқа жеке немесе қашықтан қатысатыныңызды, басқа адамдар кеңсеге бару керек пе, жоқ па, соны да жоспарлауға мүмкіндік береді.
  • Қызметкердің бәрі бір құжатты ала алуы үшін және құжаттар нұсқасын бақылау үшін бұлттағы ортақ құжаттармен бірлесіп жұмыс істеуге болады.
  • Цифрлық құралдарды қолдану, мысалы, Microsoft Viva құралын енгізу жұмыс процесін білуге, қызметкерлердің әл-ауқаты мен командадағы өнімді қарым-қатынасты жақсартуға, білім алмасуға, корпоративтік мәдениетті нығайтуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде бұл құралдар ең үздік таланттарды сақтап қалуға көмектеседі.
  • Кеңсе конференц-залдарын жасау. Залдар онлайн да, офлайн да кездесу өткізуге ыңғайлы болатын техникалық құралдармен қамтамасыз етілуі керек.
  • Front Row функциясы бар Teams Rooms-ті қолдану. Бұл барлық адамға қай жерде екеніне қарамастан, гибрид кездесуге қатысуға мүмкіндік береді. Teams қосымшасындағы Front Row-дың видеогалереясы экранның төменгі жағында көрсетіледі. Сондықтан қатысушылар қашықтағы әріптестерін бір бөлмеде отырғандай көре алады.
  • Қоңырауларды жазып алу. Бұл кездесуге қатыса алмаған адамға ақпарат беру үшін керек.
  • PowerPoint Recording Studio және Cameo арқылы презентацияны жазып алып, оны әріптестеріңізге жіберсеңіз болады. Олар презентацияны бос уақытында басқа ісіне алаңдамай көріп шыға алады.

Не десек те, әмбебап тәсіл болмайды. Офис бәріне тиімді, жұмыс бәрінің ыңғайына келетін әрі гибрид болуы үшін біраз күш жұмсау керек. Кадрлар бөлімі жетекшілері өзгерістердің тиімді енуі кезінде маңызды роль атқарады. Ұйым қызметкерлер күтетін нәрсеге қазірден бастап технологиялық, мәдени өзгерістер арқылы бейімделсе, болашақта гибрид жұмыс формасынан барынша пайда алады. Былайша айтқанда, ұйымдар ертеңгі күніне сенімді болады.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

2 дня ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

3 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

4 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

4 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

4 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

6 дней ago