Categories: Қоғам

Ұлыбритания кесірі: Қазақстанда өмір сүру қиындауы мүмкін

Аграрлық сарапшы Кирилл Павловтың пікірінше, елімізде ет пен бидай бағасы айтарлықтай көтерілмек.  Ал кейбір тауарларды жеткізу мүлдем қиындауы мүмкін.

Ұлыбританияда аптап ыстық рекордтық көрсеткішке жетті. Ұзақ уақыт бойы 40 градустан астам температура сақталып, тіпті төтенше жағдай режимі енгізілді. Бұл ауыл шаруашылығы саласына кері әсерін тигізбек.

Астық әлдеқайда аз болатыны анық, әсіресе мал азығы мен картоптың тапшылығы қатты сезілуі мүмкін. Сондай-ақ қант қызылшасының өндірісі төмендейді,

деді Кирилл Павлов.

Бұл Қазақстанға қалай әсер етеді? Оның ойынша, басында ет бағасы төмендеп, біраз уақыт бағасы өзгермейді. Кейін бірден құны шарықтап кетуі мүмкін. Сонымен қатар, ет бағасының қымбаттауы валюта бағамының өсуімен байланысты болмақ.

Бидайдың бағасы өсуі мүмкін. Ал ұн міндетті түрде қымбаттайды. Логистика мен сауда саласындағы өзгерістер  қантты елге жеткізуде қиыншылықтар тудырады,

деп атап өтті сарапшы.

Сарапшының ойынша қиыншылықтан шығу үшін еліміздің бос жатқан егістіктері мен жайылымдарын барынша толық пайдалану керек.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

6 часов ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

1 день ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

1 день ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

1 день ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

3 дня ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

4 дня ago