«Миллионға ән шырқа» тұңғыш қазақстандық вокалдық байқауының жүз финалистінің ішіндегі ең үздігін халық онлайн дауыс беру арқылы таңдады.
Байқауда жеңіске жетіп, миллион теңгенің бақытты иесі атанған – Жәния Бакизова!
Жәнияның орындауындағы Леди Гаганың Shallow әніне 4000-ға жуық қазақстандық дауыс берді.
«Маған қоңырау шалып жеңгенімді айтқанда мен шын жүректен қуандым. Бұл өте керемет болды! Мен барлық отбасыма, достарыма, туыстарыма, әріптестеріме, маған дауыс берген әрбір жанға алғыс айтамын, өйткені олардың еңбегі мен көмегінсіз жеңіске жетпес едім.
Байқауға кездейсоқ қатыстым – анаммен бірге «Форумды» аралап жүргенімде сахна мен аппаратура орнатылғанын көріп қалдым. Жай ғана өнер көрсетіп, көңіл көтергім келді,
және сахнаға шыққаннан шын мәнінде ләззат алдым.
Миллион үшін күрес басты мақсатым емес еді, дегенмен «Миллионға ән шырқа» жобасының басты жүлдесін алғаныма өте қуаныштымын, — деді байқаудың жеңімпазы.
Жәния Бакизова 21 жаста, ҚБТУ студенті, ал оқумен қатар ол ірі компанияның қолдау қызметінде жұмысымен істейді, үш тілді жетік меңгерген, саксофонда ойнайды және вокалмен айналысқан.
Байқау ұйымдастырушылары жеңімпазды құттықтап, оған жобаның демеушісі 1xBet компаниясының миллион теңгелік чегін табыстап, алдағы өмірінде және шығармашылығында сәттілік тіледі.
Байқаудың басты қиындығы
Байқауды мыңдаған тікелей көрермен бақылады, жүздеген мың пікірлер қалдырылды және желілерде миллиондаған қаралым жиналды. Және байқауды бақылаған әр адамды мазалайтын басты сұрақ – «Миллионға ән шырқа» жобасының жалғасы болады ма? Біз «Миллионға ән шырқа» жобасының бас продюсері Асқар Шафиден байқаудың біраз қорытындысымен бөлісіп, алдағы жоспарлар туралы айтуын сұрадық.
«Бірінші «Миллионға ән шырқа» байқауының нәтижесі ұйымдастырушылар мен көрермендер көңілдерінен шықты, өйткені мыңға жуық қатысушылардың арасында талантты, жарқын, харизмалы және қызықты қатысушылар көп болды. Сондықтан жұлдызды қазылар алқасының 100 финалистті іріктеп алуы – ең қиын сәт болды. Бұл оңайға соқпады, шынын айтқанда, біздің шеберлеріміз, жұлдыздарымыз сол сәтте байқаудың әділ және ұлттың форматына тағы да риза болып, жеңімпазды өздері емес, халық анықтайтынына өте қуанды. Сүйікті орындаушыларына дауыс бергендер көп болды, әсіресе соңғы күндері халықтың белсенділігі арта түсті. Таңдау, меніңше, өте лайық – керемет дауысты, талантты қыз Жәния Бәкизова.
Көптеген қатысушылардың байқауға қатысу ұнағанын атап өтуі қуантады. Олар жобаға қатысып, өздерін жұлдыз ретінде байқап, камералар, қызыл кілем, кәсіби дыбыс, жарық және көрермендер арқылы осы атмосфераны сезінгендері үшін алғыс айтады. Қазір
көптеген адамдар байқауға қалай қатысуға болатынын сұрап жатыр, ал оның аяқталғанын естігенде көңіл күйлері түсуде. Ал көрермендер жалғасы болса екен деп күтуде
Ал бұл қызығушылық мұндай байқаулардың қажет екенін көрсетеді. Сондықтан жоспарларға келетін болсақ, жоба өмір сүруі керек және ол өмір сүреді деп ойлаймын. «Миллионға ән шырқа» байқауының екінші маусымы міндетті түрде болады, бірақ оның Алматыда өтетіні немесе Қазақстанның басқа қаласында болатыны туралы айту әлі ерте. Қазір біз ұсыныстар мен жаңа серіктестіктерге ашықпыз. Қалай болғанда да «Миллионға ән шырқа» қазақстандықтармен қоштаспайтыны сөзсіз», — деді Асқар Шафи.
«Миллионға ән шырқа» байқауының демеушілері Алматы қаласының әкімдігі, 1xBet компаниясы, Turan суы және Forum СОО болды. Байқаудың серіктестері – Еуропа Плюс Қазақстан, Эльдорадио және Русское Радио Азия.