Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Қоғам > «Миллион арман болып қалады»: Қазақстанда декреттік төлемдер қысқарады
Қоғам

«Миллион арман болып қалады»: Қазақстанда декреттік төлемдер қысқарады

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 19.04.2023
Обновлено 21.04.2023 в 11:04
Поделиться
Поделиться

2023 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда кәсіпкерлер төлейтін әлеуметтік аударымдардың схемасы өзгереді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл мәселе бойынша Әлеуметтік кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізбекші. Қазір талқыланып жатқан заң жобасы мақұлданса жеке кәсіп ашқан әйелдер декреттік төлем алу үшін өз табысынан зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды бірдей мөлшерде төлеуге міндеттеледі деп хабарлайды 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасы.

Бес баланың анасы Райхан мемлекеттен үшінші қызын дүниеге әкелгенде ғана бір рет декреттік төлем алған. Еш жерде жұмыс істемейтін ол міндетті әлеуметтік төлемдерді ай сайын жеке кәсіпкерлік арқылы төлеп отырыпты. Бірақ артық ақша салғаныммен көп айырмашылық болмады, түскен ақша 12 ай бойы төлеген шығынымды ғана жабуға жетті дейді. Оның пайымдауынша, үкімет жеке кәсіпкерлік арқылы берілетін декреттік төлемді төмендететін болса, әр балаға төленетін жәрдемақы көлемін ұлғайту керек дейді. 

Қанша сома құясың, түсетін қаржы сомадан сәл артық болады, шамамен 200 мың теңге шығар. Одан артық алынбайды. Одан да декреттік төлемді жұмыс істеп алған дұрыс. Мысалы, менің 5 қызым бар. 5 қызыма дәл қазір 69 000 аламын. Шындығында 69 мың теңге бір күнге жетпейді. Мүмкін шектеу қойғаны да дұрыс шығар. Мемлекеттен басқалай қаржы бөлінетін шығар деп ойлаймын,

дейді Астана қаласының тұрғыны Райхан Күнгербаева. 

Егер Әлеуметтік кодекске енгізіліп жатқан  өзгерістер мен толықтырулар көптің талқысынан өтіп, бір ауыздан қабылданса, кәсіпкерлер үшін әлеуметтік аударымдарды төлеу жүйесі өзгереді. Сәйкесінше жеке кәсіп ашқан әр әйел өз табысынан зейнетақы жарнасы мен әлеуметтік аударымдарды төлеуге міндеттеледі. Ал бұл кезде қосымша әлеуметтік аударымдардан түсетін жәрдемақы мөлшері азаюы мүмкін. Алайда экономист Ләззат Нұрғалиқызы үкімет осындай шектеулер арқылы әлеуметтік қорды сырттан келетін қаржының көлемінен емес әзірге халықтың қалтасынан толтырып жатқанын айтады. 

Соңғы 12 айдың мөлшерінде есептелінеді. Сіз сол миллионның 10%-ын өзіңіздің әлеуметтік мемлекеттік қорға аударуыңыз керек. Ал тап соның тағы 10%-ын зейнетақы қорына аударсаңыз, әрине, сізге келетін табыс миллион болмайды, екі есе азаюы мүмкін. Алдында 10%-ын төлесеңіз, енді 20%-ын төйлейсіз. Бұрын миллион алатын болсаңыз енді 500-600 мың болып азайып қалады,

дейді экономист Ләззат Нұрғалиқызы. 

Осы күнге дейін болашақ аналар мемлекеттен берілетін әлеуметтік төлемдерді көбірек алу үшін жеке кәсіпкерлік ашып, сол арқылы мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына қосымша жарналар аударатын. Бірақ міндетті зейнетақы жарнасын төмен, ал әлеуметтік аударымдарды жоғары мөлшерде төлеп келді. Ал бұл әлеуметтік, соның ішінде декреттік жәрдемақы көлеміне қатты әсер ететін. Алайда кейбір мамандар мұндай қулық елдің экономикасына кері әсер ететінін айтады.

Уақытша, бала көтергеннен кейін жеке кәсіпкерлік ашады. Одан кейін оған көбірек ақша құяды. Айлықтарын көп көрсетеді. Ал бұл орташа айлықтың өсуіне алып келеді. Кәсіпкерлердің де санын көбейтеді. Мен ол нәрсені дұрыс деп көрмеймін,

деді қоғам белсендісі Сәбит Рысбай.  

Елімізде 1 қаңтардан бастап максималды декреттік төлем мөлшері 1 852 200 теңге болды. Ал республика қазынасынан бала туғанда берілетін бір жолғы жәрдемақы үшін 66 миллиард, 1,5 жасқа дейінгі бала күтіміне төленетін жәрдемақыға 44 миллард теңге бөлінді. 

Анара Бауыржанқызы 19.04.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
МаңыздыҚоғам

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

04.09.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?