Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қазақстандағы интернетке қатысты қандай проблемалар бар екенін түсіндірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Неліктен интернет сапасы нашар деген шағым көп. Біз оны мойындаймыз. Бірақ мен кейбір факторға тоқталғым келеді. Мысалы, TikTok, YouTube және басқа қолданбалар бар. Оларды толық пайдаланып жатыр. Күнделікті өмірде такси жүргізушілері де бағдаршамда тұрып телефондарынан видео көреді. Интернетті экономиканың басқа секторлары да пайдаланады. Осыған байланысты интернет-трафикті пайдалану да айтарлықтай өсіп жатыр. Пандемиядан бері бұл көрсеткіш 800 петабайтқа жетті,.
— деді министр