Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова «Яндекс GO» компаниясының бас директоры Александр Анкинмен кездесті. Министрлер компания жұмысы схемасын өзгертуді ұсынды.
Бүгінде Яндекс платформасында 150 мың адам жұмыс істейді.
Солай бола тұра, бұл адамдар әлеуметтік қорғаудан қағылып отыр. Олар таксопарктер арқылы тіркеледі. Бұл таксопарктер лайық салық төлеп, аударым жасамайды,
деп жазды Бағдат Мусин Instagram-парақшасында.
Министрдің айтуынша, жұмыспен қамту платформалық моделі қарқын алып келе жатыр және мемлекет үшін осындай платформаларда табыс табатын азаматтарды қолдау шараларын әзірлеу маңызды.
Біз жүргізушілерге мемлекет тарапынан әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін платформаға тікелей тіркелу мүмкіндігін беруді ұсындық. Айта кетейін, қазір «Яндекс» компаниясы қазақстандық 63 такси компаниясымен жұмыс істеп жатыр,
деп жазды министр.
Министр Александр Анкинмен кездесуінде қосымшаны қолданатын азаматтардың қауіпсіздігі жайлы, мұның бірінші орында екені туралы мәселе көтерілгенін айтты.
Қосымшаға тіркелген жүргізушілердің жеке басын анықтау және олардың құжаттының қаншалық сенімді екенін тексеру — бірінші қадам. Бұл үшін биометрияны қолдануға болады.
дейді Бағдат Мусин.
Бұл не үшін керек? Мысалы, адамдар ЯндексGO жүйесінде жүргізуші куәлігінсіз немесе рұқсат етілмеген тұлғалардың құқығы арқылы тіркелмей жұмыс істейтін жағдайлар болуы мүмкін,
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан инватакси қызметін мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру туралы ұсыныстар айтылды.
Министрліктер мен компания осы мәселелер бойынша ынтымақтаса отырып, ең қолайлы шешімдер мен құралдарды іздеуге келісті.