Тіпті оған квота алу үшін CITES хатшылығына құжат та жіберіп қойған.
Бұл туралы Власть жазды. Ондағы дерекке сүйенсек, министрлік бір жылдан кейін шешім қабылданатын шараға қазірден рұқсат алу үшін құжат жіберген көрінеді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Қазіргі уақытта халықаралық нарықта киікті, оның ішінде мүйіздерін коммерциялық пайдалануға нөлдік квота белгіленді. Халықаралық сарапшылардың ұсынысымен министрлік киіктерді республикадан тыс жерлерге сату мақсатында квота алу үшін қажетті құжаттарды дайындап, CITES Хатшылығына жібереді.
CITES конвенцияларының келесі сессиясы 2025 жылы өтеді.
Сонымен қатар, министрлік ол шешім шыққанынша «популяцияны реттеу нәтижесінде алынған» киік мүйіздері «Охотзоопром» МКК бас кеңсесінде сақтайды.