Ауыл шаруашылығы министрлігі Қоғамдық тамақтану қауымдастығы өкілдерімен кездесті.
Кездесуде бизнес өкілдерін қантпен қамтамасыз ету керек екені туралы мәселе көтерілді. Жақында қауымдастық қоғамдық тамақтану кәіпорындары қант таба алмай банкрот болуы мүмкін екенін мәлімдеген еді.
Мәселе талқыланғаннан кейін шағын және орта бизнесті қосымша қолдап, қоғамдық тамақтану объектілерінің индустриялық қантқа қажеттігін жабатын болып шешім қабылданды.
Жеткізудің басымдық ретін ұйымдастыру үшін бір күн ішінде қоғамдық тамақтану объектілеріне қанша көлемдегі қант қажет екені анықталады. Бірінші кезең бойынша мыңдаған тонна қант халқы көбірек өңірге жіберіледі.
Министрлік Нұр-Сұлтанға, Алматыға және Шымкентке қосымша көлем жібереді. Бұл қалалардағы шағын бизнес өкілдері қанттың керек мөлшерін ала алады. Оған қоса, қауымдастық басқа қалалардағы қажеттіктер туралы тізім жасап, есеп құрайды. Бұл ретте қауымдастық пен әкімдіктер қант жеткізу алгоритімін әзірлейді,
деді ауыл шаруалышығы вице-министрі Жеңіс Өсербай.