Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Шолу > Шетел басылымына шолу > «Минут сайын мәйіт келіп жатыр»: Түркияда үлкен қабірлер пайда болды
Шетел басылымына шолу

«Минут сайын мәйіт келіп жатыр»: Түркияда үлкен қабірлер пайда болды

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 15.02.2023
Обновлено 15.02.2023 в 02:02
Поделиться
Фото: Azattyq Ruhy
Поделиться

Түркиядағы зілзаладан қайтыс болған адамдардың саны 34 мыңнан асты. Халықаралық ұйымдар алапат апаттан құрбан болғандардың саны еселеп көбейеді деп болжап отыр. Зілзаланың зардабы ғасыр апаты деп бағаланды. Үйінділер астынан мәйіттер сәт сайын шығарылып жатыр, деп жазады Azattyq Ruhy.

Үш кішкентай баласынан, әйелінен қапыда көз жазып қалған адамның бірі – Әли Тузжу. Ауыр зілзала болған сәтте өзі де отбасымен бірге құлаған тоғыз қабатты үйдің астында қалған. Отбасынан түгел айырылған Әли бір аптадан астам есін жия алмай, үйіндінің жанындағы палаткада түнеп жүр.

Әйелімнің жаназасына қатыса алмадым. Мені 12 сағаттан соң үйіндінің астынан шығарып алды. Ауруханада бір күн жатып шықтым. Келсем әйелімді жерлеп тастапты. Балаларымның ең кішісі алты айлық еді, екі қыз, бір ұлымнан айырылдым. Балаларымның жазанасына қатыстым. Біздің үйде 150-ден астам тұрғын болған. Олардың қаншауы тірі қалғанын ешкім білмейді. Біз алтыншы қабатта тұрдық. Түнгі сағат төртте жер сілкінісінен ояндық та, бетонның астында қалдық,

деді Әли.

Мәйіттерді іздеу жұмысы әлі жүргізіліп жатыр. Жақынының тірі екенінен үміт уақыт өткен сайын үзіліп барады, десе де үйсіз қалған жандар үйінділерді айналсоқтап, сол маңда түнеп жүр. Жергілікті тұрғындар әбден шаршаған, қажыған, он күннен бері жуынбаған. Жолдың бойында түнеп жүр, іздеу-құтқару жұмысымен айналысып жатқан техниканың күрегін аңдумен күн өткізіп жатыр.

Маңайымыз гүрілдеп зәреміз қалмады, немерелерімді құшақтап тұрдым. Үйіміз құлап қалды, мен тірі қалдым. Келінім де, күнде сүйіп, мейірлене иіскеп жүрген немерелерім де жоқ болды. Зұлмат болды. Балапандарым өлді. Жап-жас келінім бар еді, одан да айырылдым. Ешнәрсені түсініп үлгермедік. Он күн болды, далада жылаумен отырмын,

деді Айша Туджа есімді зейнеткер.

Кахраманмараш пен оның айналасындағы қалаларда қираған құрылыстан көз сүрінеді. Қай жерге барсаң да құтқару, құрылысты қазу жұмысы жүргізіліп жатыр. Қаланың астаң-кестеңі шыққан. Халық сырттан қарағанда қаңғыбастың кейпіне еніп, әбден қалжырап қалған. Жұрт әрі ашулы, әрі тағдырына назалы, билікке ренжулі. Көше толған панасыз қалған жандар.

Қаланың айналасында үш қабір бар. Қаза тапқан жандардың жаназасы үздіксіз шығарылып, Құран оқылып жатыр. Қабірге минут сайын мәйіт тасыған арнайы көліктер ағылып келіп жатыр. Аумақтың айналасы мәйіт орайтын кебін мен табытқа толы. Жазықсыз, қапыда қаза тапқан жас қабірлердің көптігіне көз жетпейді. Жерленген жандардың қабіріне тек нөмірлер қойылған. Ұзыннан ұзақ траншея қазылып, мәйіттерді жумастан кебіндеп, жерлеп жатыр. Жерленген адамдардың кейбірінде аты-жөндері де жоқ, тек нөмірлер қойылған.

Фото:

Тәулік бойы ыстық тамақ пісіріп, таратамыз. Қабірстанға бірнеше күнде мыңдаған адамның мүрдесі жеткізілді, әлі де тоқтаусыз әкеліп жатыр. Балаларды, әйелдерді бір жаққа, ерлерді қабірдің екінші басына жерлеп жатыр. Қалың шатыр тігілген. Мәйіт жуылмайды, зілзаладан өлгендіктен шаһид саналады, тек денені кебіндеп көме береді,

деді қабір басында ас-су дайындап жүрген Махмуд Юсуп.

Айта кетейік, Түркияға Қазақстан тарапынан белсенді түрде көмек көрсетіліп жатыр. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев апат болған алғашы күні-ақ Түркия Республикасына қосымша гуманитарлық көмек жіберу жөнінде Үкіметке тапсырма берген болатын. Сондай-ақ Мемлекет басшысы шұғыл жәрдем ретінде 1 миллион доллар бөлінетінін хабарлаған еді. Бұдан бөлек, қазір зілзала болған аймақта қазақстандық құтқарушылар да адамдарды іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ал қазақстандық еріктілер Кахраманмараш қаласында 100 қазақ үйін тігіп жатыр.

ТЕГи: Геосаясат, Главное, Трендте, Шетел басылымдарына шолу
Сая Манарбековна 15.02.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?