Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Қоғам > «Өміріңді өзгертемін»: Әлеуметтік желіде дипломсыз психологтар көбейген
Қоғам

«Өміріңді өзгертемін»: Әлеуметтік желіде дипломсыз психологтар көбейген

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 01.12.2023
Обновлено 01.12.2023 в 05:12
Поделиться
Фото: ашық дереккөзден
Поделиться

«Отбасылық жанжалдан арылтамын». «Өміріңді өзгертемін», «табысыңды көбейтемін» Қазір әлеуметтік желіде осындай жарнамадан көз сүрінеді.

Бірақ, кәсіби психологтар олардың барлығы білікті маман емес дейді, деп хабарлайды Қазақстан телеарнасы.

Шымкенттік ментор Перизат Қақарбайқызының психология бағытында жоғарғы білімі жоқ. Дегенмен оның қызметіне сұраныс көп екенін жасырмайды.

Бастағаныма 6 жыл болды. Өзімнің басымдағы проблемаларыммен келдім. Отбасындағы жағдай бойынша. Соның шешімін іздеп әр жерге барып, мен қазір менторлықпен айналысып жатырмын ғой. Біз прямой миға кіреміз де, табыстың көбеймеуіне не себеп екенін табамыз да, трансформация жасаймыз,

дейді ментор Перизат Қақарбайқызы.

Алайда кәсіби психологтар дипломы жоқ мұндай мамандар жұмысына қарсы. Шолпан Әбілованың пікірінше, дерексіз салынған ой қауіпті.

Ментор ретінде 50 адамға онлайн сабақ беруі мүмкін, бірақ адам әртүрлі болған соң толыққанды жетпейді, жеткеннің өзінде дұрыс арнаға түспеуі мүмкін. Санаға салған ой жағынан қауіпті. Мысалы адам өзі қиналып тұрған кезде, жаны ауырып тұрған кезде нақты бір дерексіз ой салынатын болса ол қауіпті болады.

Бұл жағымсыз тенденция батыс елдерінде де белең алып барады. Мәселен, «PlusCare» виртуалды денсаулық сақтау платформасы TikTok-та жарияланған 500 бейнероликке сараптама жасап, оның 84 пайызы адамды шатастыратынын, тіпті қауіпті екенін анықтады.

Қоғам белсендісі Мұрат Батай жалпы психологқа жүгінуді құп көрмейді. Оның ойынша, қазір бұл саланы тек табыс көзі үшін пайдаланатындар көп.

Кез келген адамның басына түскен қиыншылықтарды жою үшін адам бірінші өз отбасымен содан кейін жақындарымен кеңесіп барып шешу керек. Өзінің басына түскен қиыншылықты әлеуметтік желідегі псевдопсихологтардың кеңесімен емес. Бұрынғы әдісше шешкен дұрыс.

Туыстан артық жақын жоқ. Ал сол психологтар сеанс өткізіп, ақшасын алғаннан кейін қатысы жоқ болады,

дейді қоғам белсендісі.

Ресми емес дерекке сүйенсек, қазір 10 адамның 4-і тұрақты түрде психологқа жүгінеді. Тағдырымен бөліседі, кеңес сұрайды, осылайша тығырықтан шығар жол іздейді. Қыруар қаражатын да салады. Таңдау өзіңізде, алайда, маман таңдарда мұқият болғаныңыз жөн.

ТЕГи: Қазақстан, Сарапшылар ойы
Сая Манарбековна 01.12.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?