Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Қоғам > Өміріне көңілі толатындар Шымкентте тұрады — зерттеу
Қоғам

Өміріне көңілі толатындар Шымкентте тұрады — зерттеу

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 03.04.2023
Обновлено 04.04.2023 в 10:04
Поделиться
Поделиться

Қазақстан бойынша өміріне ең риза адамдар Шымкентте тұрады.. Бұл туралы экономикалық зерттеулер институтында Азия даму банкімен бірлесе орындалған өңірлік теңсіздікті зерттеу нәтижелері бойынша өткен семинарда айтылды.

2022 жылдың тамыз-қараша айларында Қазақстан Үкіметі мен АДБ арасында білім және тәжірибе алмасудың бірлескен бағдарламасы шеңберінде өңірлердегі халықтың өз әл-ауқатын бағалау бойынша жалпыұлттық зерттеу жүргізілді. Зерттеуді Лондон экономика және саясаттану мектебінің (LSE) және экономикалық зерттеулер институтының (ERI) сарапшылары бірлесе жүргізді.

Зерттеу жұмыстарына 140 қала мен ауылдан 4 мыңнан астам тұрғын қатысты.

Кейбір нәтижелерді қарастыратын болсақ, субъективті әл-ауқаттың көрсеткіштері орташадан жоғары, 10 балдық шкала бойынша 7 балдан жоғары бағаланғанын атап өткен жөн. Қала тұрғындарының көрсеткіштері ауыл тұрғындарынан сәл жоғары.

Бүгінгі өміріне қанағаттану индексі бойынша Шымкент 7,91, Атырау 7,90, Ақтөбе 7,68 ұпай жинаған. Үздік бестікке сонымен бірге Маңғыстау облысы мен Алматы қаласы кірді.

Қазақстандағы өз өмірі өзіне ұнамайтындар шоғырланған басты мекен — Павлодар. Оның индексі — 6,58. Аутсайдерлер үштігіне Павлодармен қатар, Абай облысы (6,88) мен Астана қаласы (6,94) кірді.

Ел бойынша қаржылық жағдайға қанағаттану деңгейі 10-нан 5,85 ұпайды құрайды. Шымкент қаласы мен Атырау облысындағы қаржылық жағдайға қанағаттанудың жоғары деңгейі, Жамбыл, Қызылорда және Павлодар облыстарында ең төмені тіркелді.

Сондай-ақ, ел бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндіктеріне қанағаттану деңгейі де зерттелді. Ең жоғарғы деңгей Астана қаласы мен Қарағанды облысында, ең төменгі деңгей Қызылорда және Жамбыл облыстарында тіркелді.

ТЕГи: Главное
Анара Бауыржанқызы 03.04.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?