Қазақстан бойынша өміріне ең риза адамдар Шымкентте тұрады.. Бұл туралы экономикалық зерттеулер институтында Азия даму банкімен бірлесе орындалған өңірлік теңсіздікті зерттеу нәтижелері бойынша өткен семинарда айтылды.
2022 жылдың тамыз-қараша айларында Қазақстан Үкіметі мен АДБ арасында білім және тәжірибе алмасудың бірлескен бағдарламасы шеңберінде өңірлердегі халықтың өз әл-ауқатын бағалау бойынша жалпыұлттық зерттеу жүргізілді. Зерттеуді Лондон экономика және саясаттану мектебінің (LSE) және экономикалық зерттеулер институтының (ERI) сарапшылары бірлесе жүргізді.
Зерттеу жұмыстарына 140 қала мен ауылдан 4 мыңнан астам тұрғын қатысты.
Кейбір нәтижелерді қарастыратын болсақ, субъективті әл-ауқаттың көрсеткіштері орташадан жоғары, 10 балдық шкала бойынша 7 балдан жоғары бағаланғанын атап өткен жөн. Қала тұрғындарының көрсеткіштері ауыл тұрғындарынан сәл жоғары.
Бүгінгі өміріне қанағаттану индексі бойынша Шымкент 7,91, Атырау 7,90, Ақтөбе 7,68 ұпай жинаған. Үздік бестікке сонымен бірге Маңғыстау облысы мен Алматы қаласы кірді.
Қазақстандағы өз өмірі өзіне ұнамайтындар шоғырланған басты мекен — Павлодар. Оның индексі — 6,58. Аутсайдерлер үштігіне Павлодармен қатар, Абай облысы (6,88) мен Астана қаласы (6,94) кірді.
Ел бойынша қаржылық жағдайға қанағаттану деңгейі 10-нан 5,85 ұпайды құрайды. Шымкент қаласы мен Атырау облысындағы қаржылық жағдайға қанағаттанудың жоғары деңгейі, Жамбыл, Қызылорда және Павлодар облыстарында ең төмені тіркелді.
Сондай-ақ, ел бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндіктеріне қанағаттану деңгейі де зерттелді. Ең жоғарғы деңгей Астана қаласы мен Қарағанды облысында, ең төменгі деңгей Қызылорда және Жамбыл облыстарында тіркелді.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…