Түркістан облысының әкімі отставкаға өтініш берді.
Оған не түрткі болуы мүмкін? Аймақ басшысы өзінің бұрынғы бағыныштысы Кентау әкіміне үкім шығарғаннан кейін отставкаға кетуі мүмкін.
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Скляр Шөкеев әкімнің отставкаға кетуіне қатысты мынандай пікір білдірді:
Бұл әрекеті өте дұрыс. Мемлекеттік қызмет туралы заңда қарамағындағы қызметкердің кінәсі дәлелденген жағдайда тікелей басшының отставкаға кетуі туралы өтініш беретіні жазылған. Оны жоғары тұрған басшы қабылдайды немесе кері қайтарады.
Кентаудың экс-әкімі Дәурен Мақажанов 50 миллион теңге көлемінде пара алғаны үшін сотталған. Сот шешімі бойынша оған өмір бойы мемлекеттік қызмет атқаруға тыйым салынып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды.
Өмірзақ Шөкеев 2019 жылдың ақпан айынан бастап облысты басқарды. Соңғы жылдары ең көп қаржы құйылып келе жатқан Түркістан облысының келесі басшысы кім болады екен?