Ресейде өткен «Миссис Россия 2023» байқауында Наталья Оскар деген әйелдің қалайша бас ару атанғанын журналистер анықтапты.
Сөйтсек, бұл «миссис» осы байқаудың бас демеушісі болған бір миллиардердің әйелі екен.
Ойпырмай, бұл әйел байқауда қалай жеңімпаз атанып жүр
деген көпшіліктің сауалына жауап табылды.
Ресей деген мемлекеттің бүкіл болмысы жатыр мұнда.
Ресей сияқты елдерде кімде ақша көп, ұят аз – сол қалаған нәрсесін істейді.
Пара беруге болады, қызметті де, атақты да, басқаны да сатып алуға болады. Тек параны кімге беру керектігін білсең болды.
Дамыған елдердің дамыған адамдары заңмен, тәртіппен, әділдіктің жолымен жүреді. Ал Ресей сияқты елдерде әділдік болмайды.
Байқауда әлгі әйелдің жеңімпаз болғаны тегін емес. Тура солай бұл елде Путин президент боп отыр. Көрші елге соғыспен кіріп, қылмысқа барғанын көре тұра халық үндемей, үнсіз көніп отыр.
Қолдап отыр Путинді. Байқауда әлгі әйелден мың есе көрікті басқа әйелдер болса да, ешкім үндемеді. «Мынау әділ шешім емес» деп, наразылық танытып, құрығанда залдан шығып кеткен бір адам болмады.
Оның орнына қолпаштап, өтірік күліп, жағымпазданады.
Әйтпесе жұмыстан шығарып жіберуі мүмкін.
Бұл – деградацияға ұшыраған елдің, әбден азған халықтың белгісі. Ондай елде не болашақ бар?
Басқа түгілі, елдің президентіне халықаралық қылмыстық сот іздеу салған соң не сұрайсыз?
