Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Саясат > «Миттал қазақ елін лимонша сорып алды да, қоқысқа тастай салды»
СаясатЭкономика

«Миттал қазақ елін лимонша сорып алды да, қоқысқа тастай салды»

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 22.08.2023
Обновлено 22.08.2023 в 04:08
Поделиться
Поделиться

Экономист Айбар Олжаев Үкіметке Лакшми Митталдан құтылудың амалдарын ұсынды.

Мазмұны
Қазақстан Франция емес, адам өмірі құнсызМитталсыз Қазақстан

Сөзбе-сөз:

Қазақстан Франция емес, адам өмірі құнсыз

2006 жылдан бері Қазақстандағы комбинатында 100 адам қаза тапқан АрселорМитталдың Франциядағы өндірісі электронды ковшты іске қосты. Ол ауаға таралатын зиянды заттарды едәуір қысқартуы тиіс. Ал 2025 жылы Лакшми Митталдың Франциядағы зауыты толық декарбондалуы қажет. Экологиялық қатаң норма солай бекітілген. Яғни, 2 жылдан кейін одан бір де бір түтін шықпауы керек. Және Лакшми Миттал осы талапты алақанын ысқылап, қуана орындап жатыр. Түтін үшін тергей алатын Францияда адам өлімі тіптен нонсенс болар еді. Ондай жағдай орын алса, Митталдың үстінен қылмыстық іс қозғалып, ол Лондоннан шыға алмай қалатыны анық.

Ал біз түтін емес, Митталдан адам өлмесінші деп жалынумен келеміз. АрселорМиттал Теміртау кешенінде жыл сайын орта есеппен 5,8 адам көз жұмады. Үшінші әлем елдерін еш аямайтын жыртқыш капиталист Лакшми Миттал Қазақстан үшін шынымен де проблемаға айналды.

Митталсыз Қазақстан

Лакшми Миттал біздегі металлургия комбинатын нарықтық бағасымен сатпақ. Және ол кем дегенде 3 миллиард доллардан төмен болмауы тиіс. Мордашевтың Северсталі санкция астында жатқандықтан ол бізге жарамайды. Болат өндірісі бойынша әлемдегі ең ірі алпауыт China Baowu Steel Group-тың Қытайдағы өндірістік базасы жетерлік. Сондықтан оларға біздің кәсіпорын керек емес.

Үкімет Митталдан құтылғысы келсе, тек бір шешім ғана бар: «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамын «ТemirtauSteel» ұлттық компаниясына айналдырып, оны «Самұрық-Қазына» қорына тапсыру. Артынан Халықтық IPO өткізіп, акцияларының 49 пайызын ел тұрғындарына сату керек. Сонда 3 миллиард долларды ақтап алады және Теміртаудың жақсы жұмыс істеуіне бүкіл халық мүдделі болады. Болатты әлемдік Stemcor сынды трейдерлер арқылы споттық нарықта сатуға мүмкіндік бар.

Лакшми Миттал 2021 жылы Қазақстаннан 214 миллиард теңге, ал 2022 жылы болжамды есеп бойынша (аудиттелген есеп әлі шықпады) 230 миллиард теңгеден кем емес таза кіріс алған. Яғни, екі жылда 1 миллиард доллардың басы құралады.

Бір қызығы, кезінде Лакшми Миттал Теміртаудағы комбинатты 200 миллион долларға рассрочкаға алды. Ол 1996 жылы өз қалтасынан 135 миллион доллар төлеген. Ал 1997 жылы комбинат қоймасындағы металлды сатып, Үкіметке содан 22,5 миллион доллар берді. Қалған 40 миллион долларды 1999 жылы комбинаттың өзі тапқан табыстан бөле салды да, қарыздан құтылды. 135 миллион доллар шығындап, Лакшми Миттал 26 жылда Қазақстаннан 26 миллиард доллар таза кіріс алды. Енді кемінде 3 миллиард долларға қайта сататын болады. Осы үшін оны Лондонда «капитализм акуласы» деп атайды және бәрі құрметтейді.

Ия, Миттал қазақ елін лимонша сорып алды да, қоқысқа тастай салды. Бірақ бізге басымызды көтеріп, қайта орнымыздан тұру керек. Жаңа ғана Ханойдан бері ұшқан Airbus 330 бортында да осы ойлардың қалқып жүргені сөзсіз. Ойлардан іс туады. Істен нәтиже келеді.

ТЕГи: Главное
Анара Бауыржанқызы 22.08.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?