Categories: Экономика

Мобильді аударымдарды тексеру басталды ма?

Мемлекет адамдар арасындағы жәй аударым мен кәсіпкерлік мақсаттағы аударымдардың аражігін ажырату үшін алдағы уақытта қазақстандықтардың мобильді аударымдарына жүйелі түрде мониторинг жүргізбек. Себебі, кәсіпкер салық төлеуден жалтармауы керек.

Сонымен, басты сұрақ – дәл қазір азаматтардың мобильді аударымдары тексеріліп жатыр ма? Жауап – жоқ, тексеріліп жатқан жоқ. Өткенде ғана еліміздің Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев осыған қатысты жауап берді, деп жазды Қаржылық Сауат арнасы.

Қазір халықтың басын қатырудың қажеті жоқ. Жұмыстар жоспарлы түрді 2025 жылға дейін жүргізіледі. Ешқандай тексерістер болмайды, халық пен бизнесті қанау тіпті ойда жоқ. Бұл – уәде. Керек мәліметті тиісті орган береді. Қосымша тексерістер болмайды, әлдекім жасайтын болса, жазасын алады.

Ерұлан Жамаубаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ҚР Қаржы министрі.

Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараты бойынша, қазақстандықтардың мобильді аударымдары кезең-кезеңімен бақылауға алынады. Мысалы, қазір 2022 жылдың қорытындысымен мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайларына қатысты ақпарат екінші деңгейлі банктерден алынып жатыр.

2025 жылы жеке кәсіпкерлерге, заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшыларына, сондай-ақ олардың жұбайларына қатысты осындай бақылау жүргізіледі. 2024 жылдың қорытындысымен.

Еліміздің қалған азаматтарына 2026 жылы бақылау жүргізіледі. 2025 жылдың қорытындысымен. Яғни, 2026 жылдың басында банктер Мемлекеттік кірістер комитетіне осындай азаматтардың ЖСН нөмірлері көрсетілген тізімді жібереді.

Егер, 1 адамның картасына ай сайын 100-ден астам аударым жасалса және ол үш ай қатарынан қайталанса, онда ол азаматтан есеп сұралады. Бақылау жүргізудегі басты критерийдің бірі – осы. Қазір осы санатқа сай келетін азаматтардың деректері жиналып жатыр.

Ал, жеке тұлғалардың аударымдарына келсек, мысалы, студентке ата-ананың көмегі, жақындарына қаржылық көмек, туған күн, бата түрінде жіберілген басқа да аударымдарға салық салынбайды деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер комитеті.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago