Мобилизацияланған ресейлік Игорь Санджиев саяси баспана талап етіп, Батыс Қазақстан облысының әкімдігін сотқа берді, деп хабарлайды «Мой город» басылымы.
Санджиев былтыр мобилизацияланып, наурызда әскери бөлімнен қашып, шекарадан өтіп, Оралға келгені атап өтілді. Ер адам оған босқын мәртебесін беруді өтінген, бірақ билік өтінішін мақұлдамаған.
Ол сот арқылы шешімге қарсы шығуды көздеген, бірақ ол үшін баж салығын төлеуі тиіс екен, оны төлеу үшін жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) алуы керек болды. Ресейлік төлқұжатын әскери бөлімшеде қалдырып кеткендіктен ЖСН ала алмаған. Нәтижесінде талап арыз кері қайтарылып, іс қаралуға қабылданбаған.
Кейінірек «Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық Халықаралық бюроның» Төрағасы Павел Кочетков Салық Кодексінің баптарының бірі екінші деңгейдегі банктерге айыппұлдар мен мемлекеттік баждарды төлеу үшін ЖСН ұсына алмайтын шетелдіктерден ЖСН талап етпеуге рұқсат бергенін хабарлады. Санджиев пошта бөлімшесінде баж салығын төледі.
Мәселе тек Санджиевте ғана емес, сонымен қатар осы санаттағы шетелден баспана іздеп құжатсыз келген азаматтардың бәріне қатысты,
деді Кочетков.
Бұл мәселені шешу үшін ол Салық кодексін немесе ұлттық сәйкестендіру тізілімдері туралы заңды өзгертуді ұсынды.