Шетелдік азамат мобилизациядан қашып, Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өткен. Бұл үшін ол шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы «Диапазон» басылымы хабарлады.
Татарстандағы ауылдың 33 жастағы тұрғыны Қазақстан мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өтті деген айыппен сот алдында жауап берді. Айыптаудан оның Қазақстан-Ресей шекарасындағы қоршаулардан асып, сол арқылы Қазақстан аумағына заңсыз кіргені белгілі болды.
Оның ізін «Жайсаң» шекара қызметінің қызметкері тауып, басшылыққа жеткізіген. Кейін заңсыз шекараны өткен азамат тез арада ұсталды. Сотталушының өзі сотта Қазақстанда ішінара мобилизацияны күткісі келетінін мойындады. Бірақ ол ресми түрде шекарадан өте алмаған, өйткені оған шығуға тыйым салыныпты.
Мәртөк ауданының соты Ресей Федерациясының азаматын шартты бақылаусыз алты айға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Сондай-ақ сот оны бес жыл мерзімге Қазақстаннан шығару туралы шешім шығарды.