Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Шолу > Шетел басылымына шолу > Молдова тілі енді жоқ. Неліктен Молдова өз тілін румын тілі деп өзгертті
Шетел басылымына шолу

Молдова тілі енді жоқ. Неліктен Молдова өз тілін румын тілі деп өзгертті

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 24.03.2023
Обновлено 24.03.2023 в 12:03
Поделиться
Поделиться

Молдова президенті Майя Санду сәрсенбіде елдің мемлекеттік тілін «молдова» тілінен «румын» тіліне өзгерту туралы жарлыққа қол қойды. Бұған дейін атауды өзгерту туралы заң жобасын Молдова парламенті мақұлдаған болатын. Молдова билігі неге мұндай шешім қабылдады және ол нені өзгертеді, BBC саралап көрді.

Мазмұны
Билік мұны қалай түсіндірді?Неліктен дәл қазір?Ел тұрғындары не деп жатыр?Кім қарсы?

Мен осында өмір сүретін және осы жерді жақсы көретін баршамызды румын тілі біріктіргенін қалаймын. Біз бүкіл әлем бойынша 27 миллионнан астам адам Еуропалық Одақтың ресми тілдерінің бірі – румын тілінде сөйлейміз,

деп жазды Санду Facebook-тегі аккаунтында.

Тілдің сипаттамасы ел Конституциясында, заң мәтіндерінде және барлық мемлекеттік құжаттарда ауыстырылады.

Билік мұны қалай түсіндірді?

Жарлыққа қол қойғаннан кейін Санду әлеуметтік желіде жазба қалдырып, молдаван және румын тілдері мен халықтарының ондаған жылдар бөлінуін жасанды және үшінші күштер үшін пайдалы болғанын мәлімдеді.

«Ондаған жылдар бойы бізге, Молдова Республикасының азаматтары румын тілінде емес, «молдаван» тілінде сөйлеуі тиіс деп күрескендер тек бір нәрсені қалады: халықтың бөлінуін», — деп жазды президент. — Себебі ұлтты бөлгеннен кейін оны бағындыру және бақылау оңайырақ. Бөлінген халық өзін қорғай алмайды, біріге алмайды. Бізді бөлуге тырысқандар лингвистика туралы емес, Молдованы мәңгілік ұлттық жанжалға душар етуді ойлады».

Бір тәулік ішінде пост 12 мың лайк пен 1,5 мың пікір жинады, олардың көпшілігі «құттықтаймыз!» дегенге саяды.

Неліктен дәл қазір?

Ресейдің Украинаға агрессиясы басталғалы бері Украина мен Румыния арасында орналасқан кішкентай Молдова өзінің қауіпсіздігіне алаңдай бастады.

Ресейлік зымырандар Украинадағы нысандарға барар жолда Молдованың әуе кеңістігіне кіріп кеткен жағдайлар болды. Олардың қоқыстары Украинаның Әуе қорғанысы күштерінің жұмысының нәтижесінде Молдова ауылдарының аумағына да құлады. Ресейдің Украинаның энергетикалық инфрақұрылымын атқылауы Молдованың энергетикалық жүйесінде ақау тудырды.

Сонымен қатар, Молдова билігі Мәскеудің елге қатысты сөз саптауларын ашық түрде қоқан-лоқы көрсету деп есептейді және Кремль Молдовадада төңкеріс жасамақ болды деп айыптады. Елде жаппай наразылықтар жалғасуда, олардың қатысушылары Санду үкіметін қатты сынға алып, Ресейге қолдау білдіруде.

Президент Майя Санду Батыстың қолдауына ие болу үшін бар күшін салып жатыр. Өткен маусымда Молдова Украинамен бірге Еуропалық одаққа кіруге үміткер ел мәртебесін алды.

Кейбір сарапшылардың пікірінше, қазіргі жағдайда мемлекеттік тілдің атауын өзгерту Кишиневтің көрші Румыниямен — Еуропалық Одақ пен НАТО-ға кіретін елмен жақындасуының тағы бір қадамы болуы мүмкін.

Ел тұрғындары не деп жатыр?

Әлеуметтік желілердегі бірнеше мың лайктан басқа, биліктің шешімі Молдова қоғамында іс жүзінде ешқандай реакция тудырмады.

Ел тұрғындары үшін «румын тілі» тіркесі 1990 жылдардан бері тұрақты қолданыста. Сол кезден мектептердегі ұлттық тіл сабақтары бұрынғыдай молдаван емес, румын тілі сабақтары деп атала бастады. Ел тарихы жалпы білім беру институттарының бағдарламаларында «румындардың тарихы» деп аталды.

Румыния Әділет министрлігінің мәліметі бойынша, 2009-2021 жылдар аралығында Молдованың миллионнан астам тұрғыны Румыния азаматтығын алды – бұл ел халқының шамамен 39,5%-ы.

Бұрынғы кезеңде алынған румын төлқұжаттарын ескере отырып, бүгінгі күні Румыния азаматтарының кем дегенде жартысы – молдавандар.

Қоғамның көп бөлігі бұрыннан өздерін Румыниямен тығыз байланыстырады, сондықтан Молдовада мемлекеттік тіл мәртебесінің өзгеруі табиғи болып көрінеді.

Кім қарсы?

Майя Санду мен парламенттің шешіміне оппозиция мен ұлтшыл топтар қарсы.

Оппозиция – негізінен социалистер мен коммунистер – мұндай мәселелерді билік дәліздерінде емес, бүкілхалықтық референдум арқылы ғана шешуге болатынын айтады.

«Мен парламенттік комиссияларда: «Штефан чел Маре [XV-XVI ғасырлардағы Молдова княздігінің билеушісі] қай тілде сөйледі?» деп сұрадым. Молдаван тілінде. Михай Эминеску [XIX ғасырдың екінші жартысындағы ақын] өлеңдерін қай тілде жазды? Молдаван тілінде. Дмитрий Кантемир [XVII ғасырдағы Молдова княздігінің билеушісі] молдаван тілінде жазды», — деді Молдова Республикасы коммунистер партиясының (ПКРМ) жетекшісі, елдің экс-президенті Владимир Воронин Молдова баспасөзіне берген пікірінде.

Наурыз айының басында, Парламент заң жобасын қабылдағаннан кейін көп ұзамай, Кишиневтегі Конституциялық сот ғимаратында тілдің атауын өзгертуге қарсы акция өтті. Әр түрлі бағалаулар бойынша оған жүзге жуық адам келді.

Олардың айтуынша, билік әрбір молдаван үшін қасиетті – ата-баба тіліне қол сұғып жатыр.

ТЕГи: Геосаясат, Главное, Трендте
Анара Бауыржанқызы 24.03.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?