Ішінен шіріген жаңғақты кез-келген біреу оп-оңай шаға алады. Егер өз ішіңде жау жүрсе, ол күндердің күні түн жамылып, қақпаңды жауға ашып бере салады.
Егер Казақстанда тұратын біреу біздің мемлекеттілігімізге, тәуелсіздігімізге, тархиымызға, әсіресе, тарихымыздағы зұлматтарға күмән келтірсе – елді іштен шірітетін, қақпамызды жауға ашатын «бесінші колонна» деген сол.
Ал Рамиль Мухоряповқа бір шешім қабылдау керек. Ол Қазақстанда кіммен бірге болғысы, тұрғысы келеді: Қазақстанды күшейтіп, жасампаздық мақсатында маңайына адам топтастыратындар бірге ме, әлде өзінің мәлімдемелерімен елді жікке бөлетіндермен бе?
Жалпы, бұл жағдай «тақырыптың мазмұнын терең түсінбесең, әңгімеге араласпа» деген нақылдың дұрыстығын дәлелдейтін тағы бір мысал болды. Мұндайдың арты қоғамда өрт тұтатуы мүмкін.
(Досым Сәтпаевтың желідегі жазбасынан)