Categories: Руханият

Музей түні: 47 мыңнан астам адам қатысып рекорд орнатты

Музей түні қайдан шықты?

Халықаралық музей күні 1997 жылы Германиядан бастау алған.  Берлин қаласындағы 18 музей қала тұрғындарын түнде қарсы алған болатын. Шараға 30 мыңнан астам адам келген. Екінші рет өткізілген кезде келушілердің саны 50 мыңға дейін жетіп рекорд орнатылған. Бұл акция әлем елдеріне таралып, танымал бола түсті.

Содан кейін 2005 жылы француздар бұл акцияны жыл сайын өткізіп тұруға ұсыныс білдірген. Еуропа кеңесі ұсынысты қабылдаған.

2006 жылы 38 елден екі мыңнан астам музей қолдап, мерекелеген. Содан бері Қазақстан музейлері де қатысып келеді. Қазіргі таңда елімізде үлкенді кішілі үш жүзден астам музей бар екен. Оның ішінде ірісі де бірегейі ҚР орталық музейі.

Ұлттық музейге кеше бір түнде 47 мыңнан астам адам келді. Осылайша, өткен жылғы рекорд жаңартылды. Былтыр бұл акцияға 30 мыңға жуық адам келген болатын.

Ауданы 74 мың шаршы метрді құрайтын және 200 мыңнан астам экспонаты бар елдегі ең үлкен музейде ине шаншар жер болмады. 

Ұлттық музей қабырғасында концерттік және ойын-сауық бағдарламалары, ойындар, квесттер, дәрістер, музей реставраторларының шеберлік сабақтары, қолөнершілер жәрмеңкесі, театрландырылған экскурсиялар және бірден бірнеше экспозиция ұйымдастырылды.

Келушілер «Музейлер түніне» арнайы дайындалған кітаптар мен авторлық қуыршақтар көрмесін тамашалады, сондай-ақ белгілі тарихшылар мен басқа да танымал тұлғалар экскурсиялар өткізген «Жұлдызды гид» жобасына қатысты.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago