Мысырдың Кена провинциясында 250-ге жуық тұрғын «тылсым» індет жұқтырып, шағымданғаннан кейін елдің Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egypt Independent басылымы.
Мәлімдемеде Әл-Алекат ауылындағы науқастар зардап шегіп отырған ауру белгілері бірдей емес және бәрі жеңіл әрі бірқалыпты болғандықтан ауруханаға жатқызуды қажет етпейді делінген.
Симптомдар қатарында қалтырау, сүйек ауруы, әлсіздік бар. Бұл белгілер үш күннен бес күнге дейін жалғасады.
Министрліктің айтуынша, бұл — суық тию мен тұмау, гастроэнтерит пен қалтырау секілді көптеген ауруларға тән ортақ белгі.
Ол ыстықта тарап, науқас демалып, қызуды түсіретін дәрі ішсе, сондай-ақ жеткілікті мөлшерде су ішсе жоғалып кетеді.
«Тылсым» індетті тергеу үшін ауылға профилактикалық және терапевтік медицина мен эпидемиологиялық бақылау тобы жіберіліп, науқастардан қажетті талдау мен сынама алынды.
Елде беймәлім ауру тарағанын естіген Ресей Федерациясының бақылау органы Мысырдан келетін рейстердегі санитария шараларын қатаңдатты.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…