Фото: Илья Питалев / РИА Новости
Нұр-Сұлтан мәслихатының хатшысы Ерлан Каналимов елорданың атын өзгертуге шамамен қанша қаражат жұмсалатынын айтты. Бұл туралы Zakon.kz хабарлады.
Ерлан Каналимовтың айтуынша, 2019 жылдан бастап барлық мемлекеттік орган толық цифрлық құжат айналымына көшті.
2019 жылдан бастап барлық мемлекеттік органдар 100% цифрлық құжат айналымы форматына көшті. Жалпы, 2019 жылы әкімдік маңдайшаларды, бланкілер мен мөрлерді ауыстыруға 30 миллион теңгеге жуық қаржы жұмсаған. Биыл цифрлық құжат айналымына көшуді ескерсек, шығын әлдеқайда аз болады деп ойлаймын. Өйткені қазір көптеген мемлекеттік органдар формада ресми түрде ештеңе жібермей, ЭСҚ пайдаланады,
дейді Ерлан Каналимов.
Айта кетейік, бұған дейін «Жаңа Қазақстан» депутаттары елордаға бұрынғы Астана атауын қайтаруды ұсынған еді. Бұл ұсынысқа президент келісті.
Бүгін, 15 қыркүйекте Нұр-Сұлтан мәслихаты депутаттары елорда атауын ауыстыруды талқылап жатыр. Ал қала тұрғындары талқылауға тек онлайн қосыла алады.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…