Нұр-Сұлтанның мәлихат хатшысы Ерлан Қаналимов қала депутаттары мен тұрғындарын елорда атауын ауыстыруды талқылауға шақырды.
2022 жылғы 15 қыркүйекте сағат 10:00-де өтетін Нұр-Сұлтан мәслихатының көпшілік тыңдаулары қарауына «Қазақстан Республикасының елордасы — Нұр-Сұлтан қаласын Қазақстан Республикасының астанасы — Астана қаласы деп қайта атау туралы» мәселе тартылады,
делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін «Жаңа Қазақстан» депутаттары елордаға бұрынғы Астана атауын қайтаруды ұсынған еді. Бұл ұсынысқа президент келісті.