Нұр-Сұлтанда спортшыларға арналған алғашқы медициналық орталық ашылды

Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов Instagram-парақшасында мәлім етті.

Осыған дейін спортшылар №5 қалалық емхана базасында кәсіби тексерістен өтіп, ем алып келген. Тексерулер өзге пациенттермен бірге, жалпы кезек бойынша жүргізілді.  Яғни, спортшылардың сапалы дайындығы мен сауықтыру процесіне кері әсер етті. Сондықтан спортшылар мен олардың жаттықтырушыларының денсаулығымен  арнайы спорт дәрігерлері айналысуы қажет деген шешім шығарылды.

Аталмыш орталық «Нұрлы жол» теміржол вокзалының жанында, А-82 көшесінде ашылды.

Медициналық мекемеге спортшылардың жарақаты бойынша денсаулығын уақытылы тексеру мен бақылауды қамтамасыз ету, емдеу және қалпына келтіру үшін білікті спорт дәрігерлері жұмылдырылатын болады.

Елорда басшысы спортшылар мен олардың жанкүйерлерін тарихи күнмен құттықтады.

ашылу рәсімінен
Сая Манарбековна

Recent Posts

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

7 часов ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

1 день ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

1 день ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

1 день ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

3 дня ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

4 дня ago