Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов Instagram-парақшасында мәлім етті.
Осыған дейін спортшылар №5 қалалық емхана базасында кәсіби тексерістен өтіп, ем алып келген. Тексерулер өзге пациенттермен бірге, жалпы кезек бойынша жүргізілді. Яғни, спортшылардың сапалы дайындығы мен сауықтыру процесіне кері әсер етті. Сондықтан спортшылар мен олардың жаттықтырушыларының денсаулығымен арнайы спорт дәрігерлері айналысуы қажет деген шешім шығарылды.
Аталмыш орталық «Нұрлы жол» теміржол вокзалының жанында, А-82 көшесінде ашылды.
Медициналық мекемеге спортшылардың жарақаты бойынша денсаулығын уақытылы тексеру мен бақылауды қамтамасыз ету, емдеу және қалпына келтіру үшін білікті спорт дәрігерлері жұмылдырылатын болады.
Елорда басшысы спортшылар мен олардың жанкүйерлерін тарихи күнмен құттықтады.