8 тамызда астанада жаңа Ұлы Дала көпірінде көлік қозғалысы ашылды, деп хабарлады қала әкімі Алтай Көлгінов.
Автокөлік көпірі құрылысының негізгі жұмыстары аяқталды, сол арқылы онда көлік қозғалысы ашылды. Сонымен қатар, көпірді, оның ішінде тротуар бөлігін абаттандыру бойынша соңғы жұмыстар жалғасады,
деді Алтай Көлгінов Instagram-парақшасында.

Көпір Мәңгілік Ел даңғылын, Байтұрсынов, Қошқарбаев, Нәжімеденов көшелерін, Nova City ауданы мен Мыңжылдық аллеясын көліктерден ішінара босатады. Оған қоса, көпір жаңа «Нұрлы жол» вокзалына, Тельман және Промышленный тұрғын аудандарына, Метро гипермаркеті маңындағы аудандарға, Жұмабаев даңғылы мен Жүргенов көшесіне шығуды жеңілдетеді.
Келер жылы Тәуелсіздік даңғылы бойымен Есіл өзені арқылы өтетін тағы бір автокөпірді ашамыз. Бұл көпір Тәуелсіздік даңғылын, жаңа вокзал ауданын, Қошқарбаев даңғылын, Нәжімеденов көшесін, Әзірет Сұлтан мешіті ауданын, Байтұрсынов, Қордай, Айнакөл көшелерін, Момышұлы даңғылының сол жағалаумен қосымша байланысын қамтамасыз етеді,
деп жазды Алтай Көлгінов.