Нәрестеге жасалған «хиджама»: күмәнді процедура жұрттың жағасын ұстатты

Әлеуметтік желілерде нәрестенің маңдайынан қан алып жатқан кадрлар пайда болды. Видеоны Nemolchi қорының басшысы Дина Тансари әлеуметтік желілердегі парақшаларына салды. Белгілі болғандай, бұл Атыраудағы «Хиджама орталығында» болған жағдай.

Күмәнді процедураны орындаған дәрігер бұл ем-дом Батыс Қазақстанда кең таралған және нәрестелерге де жиі жасалады деп сендірді. Кадрлар желі қолданушыларының наразылығын тудырды. Жұрт Денсаулық сақтау министрлігінен жауап талап етіп, Атырау полиция басқармасынан орталықты тексеруді сұрады.

«Ең таң қалдыратыны – балаларын осындай процедураларға апаратын ата-аналар. Оларды не итермелейді? Олар нені басшылыққа алады?»

«Ата-аналарын есі дұрыстығына тексеру керек! Мұндай процедураларға нәрестені апару үшін қандай жауыз адам болу керек?! Анасының есі дұрыс па? Бұл сенім емес, фанатизм, менің ойымша. Ал мұндай «емшілерді» жаңа туған нәрестелерді қорлағаны үшін сотқа беру керек!»

«Қамқоршылық органдарын тарту керек, баланы мұндайға берген қандай ана?»

«Сіздер балалармен не істеп жатырсыздар???? Бұдан былай балалармен байланысты іс-шаралармен айналысуға Заңмен тыйым салынады деп үміттенемін!!!»

деп жазды қолданушылар.

Бір қызығы, орталық бұл процедураны бұрыннан бері жүргізіп келеді екен.

Бір жыл бұрын отбасылық дәрігер Виолетта Попова хиджама орталықтары нәрестелерге осындай процедураны жасап жүргені туралы Денсаулық сақтау министрлігіне хат жазғаны белгілі болды, бірақ нәтиже болмаған. Айтуынша, қайғылы жағдай болмайынша, ештеңе өзгермейтініне көзі жеткен.

Елдегі қызметтің бұл түрі заңдастырылмаған. Хиджама лицензиялауға жатпайды және қандай да бір рұқсат құжаттары қарастырылмаған. Мұндай іспен айналысатындар кез келген сертификатты алып, жұмыс істей беретін көрінеді. Тіпті СЭС те көп жағдайда тексере алмайды.

Сондай-ақ, дәрігер Попова қазір ғалымдармен және әріптестерімен бірге қараңғылыққа қарсы күрес тобын құруда. Дәрігерлердің айтуынша мұнндай күмәнді орталықтар әртүрлі процедураларын дінмен байланыстырады. Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Ажар Ғиният бұл оқиғаға байланысты тергеу жүргізілетінін айтты.

Менің бүгінгі көзқарасым — дәстүрлі емес медицинамен айналысып жүрген адамдар, егер олар медициналық көмек көрсетсе, лицензиялануы керек және лицензияланатын қызмет көрсетуі керек. Бүгінгі таңда хиджама лицензияланған медициналық көмек түрлеріне жатпайды. Сондықтан, осы факт бойынша бүгін комитет айналысып жатыр, тергеу жүргізетін болады. Болашақта біз бұл мәселелерді бақылауға аламыз,

деп түсіндірді министр.

Сондай-ақ, Атырау облысының ПД тексеруге кірісті.

«Атырау облысының полиция департаменті хабарлайды: осы факті бойынша тексеру жүргізілуде».

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago