Categories: Дін

Нұрлан имам: Қазақ бетін тұмшаламаған

Танымал имам Нұрлан Байжігітұлы хиджаб киген шоу-бизнес өкілдеріне қатысты пікір білдірді.

Бұл туралы ол Динара Сәтжанға берген сұхбатында айтты. Оның айтуынша, қазақтарда «хиджаб» деген ұғым болмаған. 

Бізде «хиджаб» деген сөз болмады. Бірақ орамал болды, кимешек киді. Оның үстіне, Қазақстанда аналарымыз ақ орамал таққан. Бізде көзіне дейін қап-қара етіп жабу, оны «никаб» дейді, болмаған. Ол біздің дәстүрге келмейді, біз ашық айтамыз. Кейбіріне ол ұнамай жүр. Қазақта бетін тұмшалау жоқ. Қазақ бетін тұмшаламаған. Қазақта орамал таққан, кимешек киген, ұзын етекті көйлек киген, қамзол киген, ұлттық нақыштағы, оюлы киім киген. Біз солай дараланғанбыз. Біз соған қайтып келуіміз керек. Бәріне қап-қара тағып алу дұрыс нәрсе емес. Ол — еліктеу,

дейді имам.

Сондай-ақ, ол шоу-бизнестегі хиджаб киген аруларға қатысты пікірін білдірді.

«Дәстүрімізге келеміз. Бізде зиялы қауым бар, көзі ашық жандар бар. Бірақ қанша шығынмен түзелеміз — мәселе осында. Біздің жүзген кемеміз дұрыс бағытта келеді. Шоу-бизнестегі азаматшалар еліктемей, Құдайдан қорқып таққан болса, онда қолдаймыз», — дейді теолог. 

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

4 дня ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

4 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

5 дней ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

5 дней ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

5 дней ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

1 неделя ago