Categories: Галерея

Нұржан Қалжанның ел алдына шықпай кетуіне Қыдырәлі Болманов кінәлі ме?

«Көреміз» бағдарламасының бір шығарылымы әнші Нұржан Қалжанға арналып, оның хит әні — «Бұлбұл құс» әніне қатысты болды. Бұған дейін әннің авторлары әншіні сотқа бермек ниетте болған. Себеп — әнші «Бұлбұл құс» әнін тұңғыш балам деп атап меншіктеп алған. Кавер орындаушылар әншіге келіп рұқатын алып жүрген, алайда авторлардың пікірінше бұған тек әнді жазған — Ахметжан Рабжан ғана рұқсат бере алады. Авторлар Нұржан Қалжаннан кешірім сұрауды талап еткен.

Нұржан Қалжанның айтуынша, оның еш арам ойы болмаған. Продюсерлер хабарласқаннан кейін ескі әндерді жаңартып жатса несі айып деген ойы болғанын жеткізді. Айтуынша, кавер айтуға арнайы рұқсаттың да қажеті жоқ.

Ал Қыдырәлі Болмановпен арасындағы түсініспеушілікке ақша себеп болмаған. 

— Арада ақша емес, екеуара түсініспеушілік болды. Мен орындап жүрген әндердің авторлығы Қыдырәлі ағада қалды. Радиода сұхбат беруге барғанымда, әнімді айтуымды сұрады. Бірақ, сіздерде бар ғой дегенімде, олар жоқ екенін айтты. Жоғары жақтан қойылмайтындай етілген, 

деді әнші.

Сұраққа телефон арқылы жауап берген Қыдырәлі Болманов ренішін былай деп жеткізді. 

— Кешке шақырмай қойып, алдынан көлденең тұрған емеспін. Ешқандай жерге хат жазып, запрет қоям деген емеспін. Өйткені, оның әндерінің барлық қаражатын мен төледім. Мен оған ешқандай ақшамды қайтар демедім. Оған едәуір ақша салынды. Әжептәуір сома. Дұрысын түсіндім, ары қарай жұмыс істеудің мәнісі жоқ, мағынасы жоқ екенін. Мен оның бүкіл шығындарын төледім. Фитнеске барып, денеңді жаттықтыр, сымбатты бол. Ағылшын тілін оқы. Ер адам болған соң, көзінде от болып тұруы керек сахнада,

дейді Қыдырәлі Болманов.

Қыдырәлі Болманов та Нұржан Қалжан «Бұлбұл құс» әнін сыйға тартатындай құқығы жоқ екенін мәлімдеді.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago