«Көреміз» бағдарламасының бір шығарылымы әнші Нұржан Қалжанға арналып, оның хит әні — «Бұлбұл құс» әніне қатысты болды. Бұған дейін әннің авторлары әншіні сотқа бермек ниетте болған. Себеп — әнші «Бұлбұл құс» әнін тұңғыш балам деп атап меншіктеп алған. Кавер орындаушылар әншіге келіп рұқатын алып жүрген, алайда авторлардың пікірінше бұған тек әнді жазған — Ахметжан Рабжан ғана рұқсат бере алады. Авторлар Нұржан Қалжаннан кешірім сұрауды талап еткен.
Нұржан Қалжанның айтуынша, оның еш арам ойы болмаған. Продюсерлер хабарласқаннан кейін ескі әндерді жаңартып жатса несі айып деген ойы болғанын жеткізді. Айтуынша, кавер айтуға арнайы рұқсаттың да қажеті жоқ.
Ал Қыдырәлі Болмановпен арасындағы түсініспеушілікке ақша себеп болмаған.
— Арада ақша емес, екеуара түсініспеушілік болды. Мен орындап жүрген әндердің авторлығы Қыдырәлі ағада қалды. Радиода сұхбат беруге барғанымда, әнімді айтуымды сұрады. Бірақ, сіздерде бар ғой дегенімде, олар жоқ екенін айтты. Жоғары жақтан қойылмайтындай етілген,
деді әнші.
Сұраққа телефон арқылы жауап берген Қыдырәлі Болманов ренішін былай деп жеткізді.
— Кешке шақырмай қойып, алдынан көлденең тұрған емеспін. Ешқандай жерге хат жазып, запрет қоям деген емеспін. Өйткені, оның әндерінің барлық қаражатын мен төледім. Мен оған ешқандай ақшамды қайтар демедім. Оған едәуір ақша салынды. Әжептәуір сома. Дұрысын түсіндім, ары қарай жұмыс істеудің мәнісі жоқ, мағынасы жоқ екенін. Мен оның бүкіл шығындарын төледім. Фитнеске барып, денеңді жаттықтыр, сымбатты бол. Ағылшын тілін оқы. Ер адам болған соң, көзінде от болып тұруы керек сахнада,
дейді Қыдырәлі Болманов.
Қыдырәлі Болманов та Нұржан Қалжан «Бұлбұл құс» әнін сыйға тартатындай құқығы жоқ екенін мәлімдеді.