«Нағыз жұлдызға айналды»: Головкиннің өмірі туралы АҚШ-та кітап жазу ұсынылды

Бокс шолушысы және публицист Берни Бармазель орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин туралы болашақта кітап жазылуы керек деп санайды, деп хабарлайды Sports.kz.

Бұған дейін Бернидің әріптесі Стив Ким Twitter-дегі жазбасында «Дүкен сөрелерінен қазіргі қай боксшының өмірбаяны немесе мемуары жазылғаны кітапты көргіңіз келеді?» деп сұраған еді.

Қазіргі спортшылардың арасынан қай боксшы туралы кітап жазуға, деректі фильмдер түсіруге болады? Ондай боксшылар бар ма? Мүмкін Канело? Мен Энтони Джошуа туралы бір жазылған кітап бар екенін білемін,

деп жазды Ким.

Бармазель GGG-ді спортшы ретінде қалыптасуының қызықты тарихын ескере отырып, лайықты үміткер деп атады.

GGG-дің 2012 жылдың 1 қыркүйегінде HBO-дағы дебютінен бастап 2016 жылдың 10 қыркүйегінде Келл Брукпен жекпе-жекке дейінгі кезеңі оның жұлдызды сәті болды. Төрт жыл ішінде халықаралық бокстағы нағыз жұлдыз болды. Америкаға келіп, рингте кездескендердің барлығын құлатты, екі жағалауда да аншлагтар ұйымдастырған, HBO-да ең ірі телерейтингтер көрсеткен Қазақстаннан келген жігіт,

деп еске алды ол Геннадийдің еңбегі туралы.
Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago