Categories: Денсаулық

Қазақстандықтар тірі кезінде көбіне қай ағзасын донор ретінде беретіні белгілі болды

Қазақстандықтар көбіне қай ағзасын донор ретінде беретіні белгілі болды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің баспасөз қызметі Massaget.kz тілшісінің ресми сауалына берген жауабында айтылған. 

«Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталық» ШЖҚ РМК ақпаратына сәйкес, кейінгі бес жылда, яғни 2018-2022 жылдар аралығында қайтыс болғаннан кейінгі донордан — 44, тірі кезіндегі донордан — 637 бүйректі трансплантаттау жүргізілген. 

Сонымен қатар, қайтыс болғаннан кейінгі донордан — 16, тірі кезіндегі донордан — 172 бауырды трансплантаттау бойынша операциялар жүргізілді.

Донорлық жүрек пен өкпе трансплантациясы тек адам қайтыс болғаннан кейін жасалады. Кейінгі бес жылда 25 жүрек трансплантациясы және 9 өкпе трансплантациясы жасалған. 

Осы деректерге сүйене отырып, осы кезеңде қайтыс болғаннан кейінгі донорлардан 94 ағза трансплантациясы және тірі кезіндегі донорлардан 809 ағза трансплантациясы жүргізілген.

Сонымен қатар, транспланттау мақсатында ағзаларды беру саны бойынша ең көп бүйрек берілген: 637 — тірі кезіндегі донорлардан және 44 — қайтыс болғаннан кейінгі донорлардан жасалған. 

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago