Categories: Қоғам

Намысыма тиді: «Тым дұрыс» қазақ тілді кино тағдыры

Қазақстанда фильмдер мен мультфильмдерді қазақ тіліне дубляждау ісі бірте-бірте көтеріліп, дамып келеді.

Ақшаң болса қалтаңда…

Қазақстандықтардың орыс тілінде фильм көруге құштар болуының бірден бір себебі — қазақ тілінде сапалы контенттің жоқтығы. Ал неліктен біз Қазақстан азаматы бола тұра кинотеатрлардағы фильмдерді ана тілімізде емес, орыс тілінде көруге мәжбүрміз? Шетелден келетін барлық фильмдер қазақ тіліне дубляждалып, сосын кинотеатрларға жол тартса, қандай керемет. Ал субтитрлер қазақша емес, керісінше орысша жүрсе… Әрине, жақын арада мұндай өзгеріс болмайтыны анық, десек те бірте-бірте соған келе жатырмыз. Бүгінде бірен-саран жобалар бұл идеяны өздері қаржыландырып, дубляждаумен, дыбыстаумен айналысты. Солардың бірі «Болашақ» корпоративтік қорының «Өзіңнен баста» жобасы. Ол 2011 жылдан бастап шетелдік туындыларды қазақша сөйлетіп келе жатыр. Осы күнге дейін жоба аясында қазақ тіліне барлығы 36 голливудтық туынды дубляждалса, олардың ішінде «Мұзды өлке 2», «Көліктер 2», «Кек алушылар: Альтрон дəуірі», «Батыл жүрек», «Коко құпиясы», «Моана», «Малефисента», «Аладдин», «Ойыншықтар хикаясы — 4», «Алға»,  және т.б. фильмдер бар. Жоба жетекшісінің сөзінше, қаражаттың тығыз болуына байланысты шетелде жарық көрген кино мен анимациялық фильмдердің барлығын ана тілімізге аудару әзірге мүмкін болмай тұрған көрінеді.

Фильм мен балалар киносының қазақшалануы көпшіліктің тілге көзқарасын өзгертетініне сенім білдірген мамандар 2022 жылдан бастап міндетті дубляж немесе фильмнің қазақ тіліндегі түпнұсқасын талап ете бастады. Өкінішке орай, қазақша дубляждың сапасы, жасыратыны жоқ, расымен де төмен. Кейбір фильмдерді алып қарасақ, киноның атмосферасын сезіне алмайсың. Неге? Себебі дубляждау үлкен кәсібилікті, біліктілікті талап етеді. Біріншіден, дубляждау жай ғана актерлердің диалогты кезек-кезек оқи салуы емес. Ол фильмнің атмосферасын түсіндіру, режиссер киноны қалай түсіндірді, дәл сондай көңіл-күйді жеткізу. Актер интонация, паузаларды ұмытпай, түсірілген фильмді өз тілінде қайта ойнап шығуы керек. Өзінің бүкіл болмысынан өткізіп, жан тәнімен сезініп, өзінің кейіпкерінің рөлін қайта сомдап шығуы керек. Бұл тұрғыда актерлердің кәсібилігі жоқ емес, біздің мамандар әлемдік киножұлдыздардан кем емес. Мүмкін оның себебі төленетін қаламақының аздығында шығар. Сапалы дүние жасауға тырысатын жастар жоқ емес, жетерлік. Бірақ олар идеясын жүзеге асыруға қаражатты қайдан алады? Көздерiнде от ойнар, сөздерiнде жалын бар жастарды қолдайтын ешкім жоқ.

«Бізде дыбыстау, дубляж нарығы мүлдем жоқ десем қателеспеймін. Сериалдарды «тым дұрыс» қазақ тіліне аударатын студиялар бар, әрине. Қазақ мектебін бітірген маған да ол түсініксіз. Көпшілікке түсінікті тілде аударма жасап, дубляждауды дамытқымыз келеді. Бірақ ақша да жоқ, сұраныс та жоқ,

кезінде танымал болған Jokeasses вайн-жобасының мүшесі Бексұлтан Қазыбек.
Бексұлтан Қазыбек

Фильмдерді қазақ тіліне аудару туралы мәселені ол әлеуметтік желідегі парақшасында жасалған жобаларды мысалға ала отырып айтқан еді. 2021 жылы Бексұлтанның командасы  «Рик және Морти» анимациялық мультфильмді  дыбыстауға ұсыныс алған. 6 ай жүргізілген келіссөздер Кинопоиск HD компаниясымен келісіп, Ресей нарығына шығуда оң нәтиже берді. Бірақ тағы да қаражат мәселесі. Жобаны іске асыру қомақты қаражатты қажет етсе де, өз қалталарынан шығаруға мәжбүр болды. Нәтижесі жаман емес. Артынан тағы бірнеше ірі ұсыныстар келіп түскен. Оның ішінде әйгілі «Игра Престолов» сериалы мен «Nickelodeon» телеарнасы бар. Алайда екінші тарап ұсынған ақша сомасы мен жобаны аяқтау мерзімі олардың көңілінен шықпады. Соңында олар бірлесіп жұмыс істеуден бас тартты. Бір қызығы, аталған жобаларды қазақ тіліне аудару сұрағын Мәскеу шешкен.

 «Намысыма тиді. Қазақ тілінен жұрдай адамдар  неге бұл сұрақты шешеді? Елімізге 30 жыл. Өкінішке орай Қазақстанда бұл кәсіп түрінің болашағы сенім тудырмайды. Сондықтан бізден басқа бұл  жоғарыдағы ағаларға да, шетелге тіпті қажет емес. Энтузиазм мен патриотизм? Бұл сезім қанша уақыт бойы бізді асырай алады? Кез-келген еңбек дұрыс бағалануы керек деп есептеймін

Жас продюсердің ойынша Қазақстанға дубляж туралы ойлау әлі ерте. Оған кем дегенде тағы 3 жыл аянбай еңбек ету керек.

Фильмдерді түпнұсқадан — ағылшын тілінен аудару дұрыс әрі оңайырақ дейді дубляж мамандары. Аудару барысында көп дүние қамтылады. Біріншіден, тілдің таза әрі барынша көрерменге түсінікті болуы, одан липсинг мәселесі, арада қалжыңды дұрыс жеткізу, локализация мәселесі туындайды. Басты мақсат – фильмдерді көрерменге барынша жақындату.

Жаңа ғасыр – жаңа кино

Қазақстан балалар киносы  тағы бір жаңа мультфильмімен толығады. Ara анимациялық студиясы көрермен  назарына «Шырақ» атты туындысын ұсынды. Оның тұсаукесері 2023 жылға жоспарланған.

Сүйінші! «Шырақ» фильмі аяқталды. Бұл біз үшін үлкен мектеп болды. Ол өнерімізді шыңдады. Бізді есейтті. Бізге тәуелсіз фильм жасау үшін сенім мен жігердің, татулық пен табандылықтың бәрінен де маңызды екенін үйретті,

деп жазылған студияның Инстаграм парақшасында.

Ara студиясы 2019 жылдан бастап осы саладағы бір мүдделі жастардың басын қосып келеді. Ал идея жастардың анимациялық фильмдерге деген ортақ сүйіспеншілігінен туындаған. Шырақ -студияның алғашқы туындысы. Шығарушылар балалар мен жасөспірімдердің көңілінен шығып, пайдалы контент болатынына сенеді.

Сондай-ақ студия серіктестерінің бірі Бексұлтан Қазыбек 2020 жылы  «КазахMAN» супер қаһарманы туралы жаңа қазақстандық комиксін сатылымға шығарды.

Ол 15 мың данамен таралып, халық арасында танымалдылыққа ие болды.

Бұл айналасындағы адамдары, достары, тіпті ата-анасы сенбейтін қаһарман туралы әңгіме. Бұл қазіргі жастар тап болатын қиыншылықтардың көрінісі іспеттес

«КазахMAN» әлеміндегі алпауыт күш «cенім» деп аталды. Ол шексіз мүмкіндіктер әлемі, бірақ адам өзіне және арманына шын сенсе ғана пайда болады.

Комикс үш тілде жарық көрді. Жобаға ТМД елдерінен, Еуропа мен АҚШ-тың баспагерлері мен дистрибьюторлары қызығушылық танытқан. Комикстің ағылшын тіліндегі нұсқасын жасауға Американың ең атақты және беделді университеттерінің бірі Чикаго университетінің мамандары көмектескен.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago