Құрылыс компаниялары арасындағы негатив көшбасшылары анықталды

ALEM RESEARCH аналитикалық компаниясы 27 маусымнан бергі 30 күндегі БАҚ пен әлеуметтік желідегі мониторинг бөлігі нәтижесін жариялады. Анализ құрылыс компанияларына қатысты. Деректер құрылыс салушылар қол тигізуге болмайтын кастаға жатады деген көп аузында жүрген пікірді растайды.

Құрылыс салушылар туралы тек жақсысы

Аналитиктердің пікірінше, желіде құрылыс компаниялары туралы сөз айына орташа есеппен 150-ге зорға жетеді. Ал үкімет, әсіресе экономикалық өсім туралы есеп беру қажет болған кезде құрылыс секторын қатты жақсы көретінін ескерсек, бұл көрсеткіш өте төмен. Барлық жерге көптеп, биік құрылыстар салынып жатқандықтан, құрылыс салушылар атышулы экономикалық өсімнің өте қажет процентін қамтамасыз етеді. Солайша, кейде басқа салалардағы сәтсіздіктерді теңестіріп жібереді.

Бір қызығы, құрылыс компанияларына қатысты келеңсіз реңк тек қазақша жазатын басылымдарда ғана айтылады. Бұл түсінікті де. Орысша жазатын порталдар құрылысқа қатысты жағымсыз тақырыптан қашады. Бұған дейін ар-намысты қорғау жөнінде бірнеше сот болған еді, айтарлықтай ірі сома болды. Соның бәрінде БАҚ жеңіліп қалды. Сондықтан сабақ болды деуге келеді.

Аты аталудан топ-5-ке кіретіндер қатарында күткендей-ақ ең ірі құрылыс компаниялары болды. Көшбасшы мен бестікті жабатын Bazis арасындағы айырмашылық көп.

Позитив бойынша көш бастап тұрғандар

Аты аталу саны бойынша жағымды реңктің көп үлесін жинаған топ-5 құрылыс салушылар қатарына ең танымал компаниялар кірмей қалды. Бұл ретте аналитиктер компанияның қызмет түріне және саласына қарамастан, үздік бестіктің бәрі туралы 15%-тен көбірек позитив реңкте айтылатын жағдай өте сирек екенін айтып өтті.

Олардың ішінде екі компания ерекшеленіп тұр. Дегенмен мониторинг деректерін мұқият талдаған кезде олар жағымды аталуының негізгі үлеске әлеуметтік желідегі маркетологтары мен SMM-қызметкері жұмысының арқасында жетіп отырғаны белгілі болады. Әділетті болу үшін айтып өтейік, Exclusive Qurylys компаниясын ең жанждалы жоқ компания деп айта аламыз.

Мысалы, былтыр Алматыда бұзылған апатты көпқабатты үйдің орнына тұрғын үй кешені салынады деген шу шыққанда, компания 9 қабаттан артық тұрғызбаймыз, архитектуралық ауданға кешенді үйлесімді кіргіземіз деп сынағандарды тоқтатқан.

Компаниялардың жағымды реңкпен аталуы процентінің көптігі компаниялардың желіде ауызға аз ілінгенін де білдіреді. Олардың көбі интернет-маркетологтардың арқасы екенін тағы айтып өтейік. Exclusive Qurylys тек 15 рет аталған, ал NB HOLDING 19 рет аталған.

Негатив бойынша көш бастап тұрғандар

Жағымсыз реңкке келсек, мониторинг нәтижесі қызық факт шығарып берді. Бір жағынан, әлеуметтік желілерде тұрғын үй құрылысының, әсіресе әлеуметтік тұрғын үйлердің құрылысы мен сапасы туралы сыни посттар салыстырмалы түрде жиі шығады. Бірақ бұл посттар көпке таралмады, ал комментарилер ештеңеге көңілі толмайтындар мен бәріне риза адамдардың жанжалына айналады. Кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс деп отырғанда олар компания туралы ұмытып кетеді.

Бұл аты жағымсыз реңкте ең көп аталған Qazaq stroy компаниясына да қатысты. Бәрі компанияның Алматыдағы аудандардың біріндегі ескі үйлерді бұзып, орнына тұрғын үй кешенін салу жобасына қатысты болды. Бұл ретте компания орамның қазіргі тұрғындарына жаңа кешеннен пәтер бөлуге уәде беріп отыр.

Бір қызығы, әлеуметтік желі қолданушылары арасында ашулы қақтығыс тудырған посттың өзі маусым айының басында жарияланған: компания үйі сүріліп жатқан алматылықтарды диалогқа шақырған. Шілде айының ортасында бұл постты бір уақытта Facebook-тың 12 қолданшуысы көтерді. Олар іргелес учаскелері бар берік кірпіш үйлердің иелері болуы мүмкін.

Бірақ олар азшылыққа жататын болып шықты. Өйткені компанияны және жобаны жанын салып қорғаған қолданушылар ағаш қамыста немесе нағыз апатты үйлерде тұрады.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

2 дня ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

3 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

4 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

4 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

4 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

6 дней ago