Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Маңызды > Назарбаев алысқа кете қойған жоқ – Ермұрат Бапи
Маңызды

Назарбаев алысқа кете қойған жоқ – Ермұрат Бапи

Арман Ерғалиев
Арман Ерғалиев 01.08.2023
Обновлено 02.08.2023 в 03:08
Поделиться
Фото: google.com
Поделиться

Нұрсұлтан Назарбаевтың жиен немересі Нұрәлі Әлиевтің билікке қайта оралуы қоғамда қызу талқыланып жатыр. Ол 25 шілдеде «Транстелеком» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып тағайындалған болатын.

Депутат Ермұрат Бапи “қоғам белсенділері билікпен алысып жүргенде, «ескісі» «Жаңа Қазақстанның» «көрін қазып» жатыр” деп есептейді. Мәжіліс депутаты Uaqyt.info тілшісіне берген сұхбатында “Ескі Қазақстанның” ескі кадрлары туралы мәселені Президенттің алдында көтеретінін жеткізді.

Ермұрат Бапи: “Ескі Қазақстан” өкілдерінің билікке біртіндеп қайта келуі, оның ішінде «KEGOC» АҚ компаниясына Нәби Айтжановтың, «Транстелеком» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып Нұрәлі Әлиевтің тағайындалуы – қоғам үшін жақсы белгі емес. Олар біраз уақыт бойы бұғып жатып, қайта бас көтерді. Экономиканың стратегиялық салаларын біртіндеп басып алудың үрдісін жүргізіп жатыр. «Транстелеком» деген компания — теміржолдың байланыс саласын қамтамасыз етіп отырған ірі өндірістік сала. Осыған “Ескі Қазақстанның” өкілі келіп отыр. Біз оған жол бермеуіміз керек.

Uaqyt.info: Ескі кадрлардың билікке қайта келуі “Жаңа Қазақстан” идеясына қарама-қайшы емес пе?

Ермұрат Бапи: Тоқаев өзі таққа Қаңтар оқиғасынан кейін келді ғой. Нұрәлі Әлиевтің «Транстелеком» компаниясына қайтып келуі және көптеген кадрлардың өз орындарын сақтап қалуы – Тоқаев мырзаға деген сенімді селдірете түседі. Қаңтар қырғынынан кейін Тоқаевтың саясатына деген біршама қолдау болды. Өйткені ол кісі Қаңтардан кейін көптеген өзгерістерге динамика беретіндей пәрменді шешімдер шығарды. Бірақ қалай болғанда да, ескертусіз оқ ату жөнінде пәрмен болғанымен, халық өзгерістерге ықыласты болды. Алайда сол ықылас бірте-бірте селдіреп, Президенттің саясатына деген сенімсіздік барған сайын күшейіп барады. Осыны назарға алу керек деп ойлаймын. Ең алдымен билік халыққа өзі жақындауы керек. Сонда ғана баршамызға керекті азаматтық қоғам құрылады. Ал былай кете беретін болса, соңы жақсылыққа әкелмейді.

Uaqyt.info: Сонда не істеуіміз керек?

Ермұрат Бапи: “Жаңа Қазақстан” идеясы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен шықты ғой. Қоғам оны жаппай қолдап кетпесе де, саналы, салиқалы, білімді, саясаттан хабар бар сауатты азаматтар осы идеяны қолдады. Бұл — Тоқаевты қолдау деген әңгіме емес. Өзгерістерді қоғам жалғыз жасай алмайды, ол билікпен бірге жасалатын дүние. Сондықтан бұл жерде қоғамның ілтипаты, ықыласы керек. Екеуі біріккенде ғана тың өзгерістерге жол ашылады. Бұрынғы оппозициялық күрестің балалық дертінен арылуға тиіспіз. Қазіргі уақытта тайталаспен, ерегіспен ешнәрсе шешілмейді. Сондықтан бір идеяның төңірегіне топтасуға әрекет жасауымыз қажет. Әлеуметтік желідегі кей жазбалар қазіргі билікті төңкеріп тастап, жаңа жүйені алып келуге үндейді. Олардың ойынша, Тоқаев тақтан кетсе, бәрі жақсы болатын секілді. Дәл қазіргі жағдайда мұндай лозунг, аттан қажет емес. Азаматтық қоғамның бір-бірімен ырың-жырың болып жатқаны міндетті түрде “Ескі Қазақстанның” жүйесіне жұмыс істейтінін естен шықармайықшы.

Uaqyt.info: “Ескі Қазақстан” өкілдерінің билікке біртіндеп келуінің артында экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев тұр дегенге келісесіз бе?

Ермұрат Бапи: Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев пен Тоқаевтың арасында келісім бар. Бірақ қандай екені бізге белгісіз. Дегенмен де араларында қандай да бір уағдаласу, келісім болды. Нұрәлі Әлиевтің билікке қайта келуі, Қайрат Боранбаевқа қатысты сот үкімінің жеңілдеуі, Кәрім Мәсімовтің түрмеде отыру режимінің жеңілдеуі – бұл сол екеуара келісімнің нәтижесі. Ертең Қайрат Сатыбалдыға қатысты сот шешімдері де өзгеруі мүмкін. Оның барлығын қоғам көріп отыр ғой. Халық — ақымақ емес. Билік соны ескеруі керек.

Uaqyt.info: Назарбаев Тоқаев билігіне ықпал етіп отыр ма?

Ермұрат Бапи: Назарбаев алысқа кете қойған жоқ. Астанадағы резиденциясында жатыр. Ол жай ғана жатқан жоқ. Оның Кремльмен тікелей байланысы бар, аппараты жұмыс істеп жатыр. Ол Қазақстанның саясатына тікелей араласпаса да, ықпал етіп отыр. Тоқаевтың тікелей жұмысына араласпауы мүмкін, бірақ ол экономикалық тұрғыда өзінің кезіндегі әр-түрлі схемаларымен иемденген капиталын, активтерін қорғау бағытында тікелей жұмыс істеп жатыр деп ойлаймын. Оған келтіретін мысал көп. Соның бірі – жоғарыда айтқан «Транстелеком» болса, екіншісі —  ШҚО-дағы энергетика саласын Машкеевичтің ERJ тобына беру жөніндегі іс-әрекеті. Бұдан бөлек Қазақстанға Араб елдеріндегі түсініксіз қорлардан инвестициялар тартылып жатыр. Миллиардтаған долларлардың келуі – ол арабатардың біздің елге деген жанашырлығы немесе сыйластығы емес. Ол кезінде елден ұрланған активтердің сол Араб елдерінде өтірік қорлар арқылы қайта Қазақстанға инвестиция ретінде тазаланып келуі. Бұл махинациялардың артында Назарбаев тұр деп нақты айта аламын.

Uaqyt.info: Депутат ретінде осы мәселелерге қалай ықпал ете аласыз?

Ермұрат Бапи: Мен бұған дейін талай мәрте талап еттім. Бірнеше депутаттық сауал, хаттар жолдадым. Бірақ мен бір ғана депутат өзгерістерді жасай алмайтынын ескерткім келеді. Тіпті 2-3 депутаттың өзі оған ықпал жасай алмайды. Сондықтан бұл мәселені қоғам болып қолға алуымыз керек. “Жаңа Қазақстан” идеясына деген жеке басымның сенімі әлі селдіреген жоқ. Осы бағытта жұмыс істеу үшін мен сайлауға түсіп, келіп отырмын. Бірақ сол “жаңа Қазақстанның” шетін кеміріп-кеміріп, “ескі Қазақстанның” қайтып келіп жатуы ертең парламенттік дәрежеде, тіпті Президенттің алдына дейін қоятын үлкен дабыл, көтеретін мәселе деп ойлаймын.

ТЕГи: Главное, Қазақстан, Қасым-Жомарт Тоқаев, Нұрсұлтан Назарбаев, Сарапшылар ойы
Арман Ерғалиев 01.08.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?