Назарбаев атындағы тағы бір нысанның атауы өзгерді

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев атындағы жағалауды Көкшетау деп өзгерту туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Alashainasy.kz.

Бұған дейін облыс орталығында осы мәселеге байланысты қоғамдық тыңдау өтіп, есімдері мәңгілікке қалатын үміткерлер талқыланған болатын. Депутаттар мақұлдаған соң материалдар республикалық ономастикалық комиссияға жолданады.

Көкшетау қаласына атау, оның құрамдас бөліктерін қайта атау бойынша ұсыныстар енгізу туралы» мәселелер бойынша депутаттар бірауыздан дауыс беріп, шешім қабылдады,

деп хабарлады Көкшетау қалалық мәслихаты.

Қабылданған жобаға сәйкес, Көкшетауда Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы бойындағы жағалауға кеңестік мемлекет және саясат қайраткері Кәкімбек Салықовтың есімі беріледі. Одан әрі қаза тапқан коммунистерге арналған «Төңкеріс жолындағы күрескерлер» саябағы «Алаш арыстары» деп аталмақ. Тұңғыш кеңестік чекист Феликс Дзержинский атындағы көше Камали Мырзахметов көшесіне айналады.

Сонымен қатар, енді Көкшетауда марқұм болған екі экс-әкім Сергей Дьяченко мен Қосман Айтмұхаметовтің көшелері пайда болады. Екеуі де әр уақытта Ақмола облысын басқарған.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago