Елбасы туралы заң өз күшін жойды. Парламент бірауыздан шешім қабылдады.
Бүгін Сенат пен Мәжіліс палаталарының бірлескен отырысы өтті. Тұңғыш президент туралы заңның күшін жою туралы Қазақстан конституциялық заңының жобасы екінші оқылымда қабылданды.
Конституциялық реформа-Тәуелсіздіктің 30 жылындағы билік тармақтары институттарын құрудағы және қоғамда демократияны қалыптастырудағы үлкен қадам, прогрессивті бағыт. Конституцияға енгізілген өзгерістерге сәйкес Конституцияның 46 — бабының 4-тармағы алынып тасталды. Онда Тұңғыш Президент-Елбасының мәртебесі мен өкілеттіктері Конституциямен және Конституциялық заңмен айқындалады деген норма көзделеді. Қазақстанның терең саяси трансформациясы кезеңінде демократиялық плюралистік бағытты ұстана отырып, жеке тұлғаның билікті басып алуына ықпал ететін қандай да бір тетіктерді алып тастау қажет. Сондықтан Мәжіліс депутаттарының тобы халықтың басым көпшілігінің пікірін ескере отырып, осы заң жобасын ұсынды,
деді мәжіліс депутаты Ерлан Саиров.
Қарсылық білдірген ешкім болмады. Заң жобасы бірінші оқылымда бірауыздан мақұлданды, екінші оқылымда қарау үшін отырыстың күн тәртібіне бірден енгізілді. 44 сенатор және 93 мәжілісмен шешімді бірауыздан қабылдады. 18 минуттың ішінде дауыс беру аяқталды.