Қарағандыда белсенділер экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев атындағы даңғылдың атауын ауыстыру үшін қол жинап жатыр.
Бұған дейін даңғыл Бейбітшілік желекжолы деп аталған.
Назарбаев даңғылына тарихи Бейбітшілік желекжолы атауын қайтаруды талап етемез,
делінген хатта.
Даңғылға Назарбаевтың есімі 2019 жылғы 20 наурызда – экс-президент биліктен кеткен күннің ертеңіне берілген. Ол кезде 6 жыл бойы қаланы басқарған Нұрлан Әубәкіров әкім еді.
Еске салсақ, жуырда Қарағанды әкімдігі жергілікті белсенді Айтқожа Фазыловтың Назарбаев бульварына ескі атауын қайтару туралы акция өткізуге 15-ші мәрте рұқсат бермей қойған еді.