Назарбаев – ол да адам баласы. Көзі тіріде қатесін түзеуі керек

«Елбасы мәртебесі» туралы заң күшін жойды. Болат Назарбаевқа тиесілі 244 гектардың 59 жер телімі анықталды. Бұл нені білдіреді деген сауалды Kursiv.kz басылымы АҚШ-та тұратын саясаттанушы Уәлихан Төлешовке қойған екен.

– Назарбаев авторитарлы жүйенің басшысы болды. Диктатордың барлық заңды өзіне ыңғайлы етіп жасайтыны белгілі. Онда да өз билігін нығайта түсу үшін, билігі өміршең болуы үшін. Назарбаев билікте тым ұзақ отырды. Қазақстан экономикасын өз бетінше билеп-төстеп, халықты қанады. Сондықтан ел азаматтарының Назарбаевсыз өмір жақсырақ болуы тиіс деп қабылдауы түсінікті.

Қазір экономикада, саясатта қайта жіліктеу жүріп жатыр деп айтуға болады. Қазақстан экономикасы мен саясатын демократиялық реформалар арқылы «тазартуы» керек. Әлі кем дегенде 500-600 заң нормативтеріне өзгерістер мен түзетулер енгізілуі қажет. Конституциядан бастап, қолданыстағы бар барлық заңнаманың әрбір жолын қайта сүзіп қарап шығу керек. Қай жерінде Қазақстан азаматына емес, Назарбаевқа ыңғайлы етіліп жасалған, соны анықтап, оны түзеу қажет болады.

Өйткені ол антидемократиялық құрылымдарға жол беріп, Қазақстан азаматының өз құқығын, бостандығын, экономикалық мүмкіндігін белгілі бір деңгейде шектеп отырды. Әрине, заңсыз иеленген дүниелер кері халыққа, Қазақстанға қайтарылуы тиіс. Бұл бақуатты қоғам құру үшін өте маңызды.

Мүмкін, әу баста, Назарбаев «Қазақстан халқы жер байлығын игере алмайды, басқа да елдік міндеттермен айналысуға қауқары жоқ» деп жаңсақ ойлап, бүкіл жауапкершілікті өз мойнына алып алған болар. Енді соның барлығын өткізіп беретін уақыт келді.

Назарбаев – ол да адам баласы. Өз билігінің былық тұстарын жақсы біледі. Тек соны көріп, өзін сол тұрғыда тарихта сипаттамас үшін ол кісі көзі тірісінде аталған өзгерістерге оң қарауы қажет деп санаймын. Қазіргі саяси реформалар өз атын тазалауға бағытталып жатқанын жақсы біліп отыр деп ойлаймын. Қалай дегенмен де Нұрсұлтан Назарбаев ел тарихында қалатын елеулі есім. Оның балалары, немерелері үшін де Қазақстанның нақты даму жолына түскені, демократиялық мемлекетке айналғаны керек деп ойлаймын. Қазір бүкіл ел азаматының аңсап, күйттеп отырғаны осы, негізі.

Қазақтар үшін ұят, абырой маңызды. Ал абыройымызды сақтау үшін тарихтан сабақ алған жөн. Сондықтан, меніңше, ол кісі көзі тірісінде халқы үшін адал қызмет еткенін паш ету үшін қайбір жерлерде қателікке жол бергенін мойындап, оны түзеп беруі керек, соған дайын болуы тиіс.

Қазақстан қоғамында бұрын-соңды болмаған саяси белсенділік байқалады. Бұл бірден бір керек дүние. Билік те азаматтық қоғамға басқаша қарай бастайды, санаса бастайды. Яғни, талап, ұсыныс, белсенділік бар жерде. Бұл қазіргі жағдайда өте маңызды жайттар, – деген екен сарапшы.

Айдын Қайнарұлы

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

2 дня ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

3 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

4 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

4 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

4 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

6 дней ago