Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Басты жаңалықтар > Назарбаев қоры жылжымайтын мүліктерін мемлекетке қайтарды
Басты жаңалықтарҚоғам

Назарбаев қоры жылжымайтын мүліктерін мемлекетке қайтарды

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 23.09.2022
Обновлено 23.09.2022 в 05:09
Поделиться
Поделиться

Нұрсұлтан Назарбаев қоры өзіне тиесілі кей нысандарды мемлекетке қайтарды. Бұл туралы Қаржы министрлігінің жауабында айтылған. Алайда нақты қандай нысандар қайтарылғаны айтылмады. Ақпаратты Halyq Uni сайты жазды. 

Қазіргі уақытта республикалық меншікке тиісті сыйға тарту шарты негізінде Астана және Алматы қалаларында Қордың мүлкі (жиһаздалған және жабдықталған жылжымайтын мүлік нысандары) қабылданды,

делінген жауапта.

Алайда ведомство экс-президент қорының мемлекетке нақты қай нысандарды қайтарғанын және оның жалпы сомасын ашып айтпады. Бұл ақпарат құпия саналады екен.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 9-бабын орындау үшін Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 22 желтоқсандағы № 528 Жарлығына сәйкес құрылды. Бұл ретте осы Жарлықтың 3-тармағында Қор әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени, білім беру және өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарды көздейтін коммерциялық емес ұйым. Қордың қаржыландыру көздері заңдарға қайшы келмейтін жарналар мен түсімдер деп белгіленген.

2020 жылы аталған қор Нұрсұлтан Назарбаев қоры болып өзгертілді.

«Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың мүлкін мемлекеттік меншікке өтеусіз негізде беру тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 қаулысымен бекітілген Сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасымен реттеледі, оның 2-тармағына сәйкес мемлекетке Сыйға тарту шарты бойынша мүлік құқығын беру туралы шешімді мүліктің меншік иесі қабылдайды және заңнамада белгіленген тәртіппен ресімделуі тиіс», — делінген ресми жауапта.

Сонымен қатар, Комиссияның жұмысы басталғаннан бері телекоммуникация, теміржол инфрақұрылымы, экология және т. б. салалардағы жеке монополияларды (олигополияларды) алып тастау мақсатында сыйға тарту шарттары бойынша республикалық меншікке:

  • 10 АҚ және ЖШС акциялар пакеті мен қатысу үлес;
  • 5 жылжымайтын мүлік нысаны;
  • 100 млн АҚШ доллары мен 1,49 млрд теңге қабылданды.

Атап айтқанда, республикалық меншікке телекоммуникация саласында «Қазақтелеком» АҚ-да (28,8%), теміржол инфрақұрылымы саласында – «Көліктік сервис орталығы» АҚ-да (100%; мүлік құрамында жалпы ұзындығы шамамен 250 шақырым болатын 400-ден астам кірме теміржол қабылданған), экология саласында  «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» ҚЕАҚ (50% + 1 акция), «Оператор ӨКМ» ЖШС (100%) акциялар пакеті қабылданды. Республикалық меншікке қабылданған жылжымайтын мүлік объектілерінің қатарында Алматы қаласындағы спорттық-жаттығу кешені, Астана қаласындағы «Болашақ» бизнес орталығының ғимараты және т. б. бар.

Комиссия қабылдаған шешімдер туралы қоғам тұрақты негізде, оның ішінде әлеуметтік желілер арқылы хабардар етіледі,

дейді министрлік.
ТЕГи: Қазақстан
Сая Манарбековна 23.09.2022
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?