Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Атақ және ақша > Назарбаев өзін ғашық еткен екінші әйелі мен ұлдары туралы ашық айтты
Атақ және ақша

Назарбаев өзін ғашық еткен екінші әйелі мен ұлдары туралы ашық айтты

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 01.12.2023
Обновлено 01.12.2023 в 03:12
Поделиться
Поделиться

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев өзінің екінші отбасы – әйелі Әсел және екі ұлы – Тауман мен Байкен туралы алғаш рет өзінің «Менің өмірім. Бодандықтан — бостандыққа» атты кітабында жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Нұрсұлтан Назарбаевтың кітабы бүгін сатылымға шықты. Кітапта Назарбаев өзінің өмір жолы, елдің қалыптасу және даму кезеңдері туралы баяндайды. Естелік Тұңғыш президенттің алғаш рет өзінің отбасы туралы ашық айтуымен және қаңтар оқиғасына қатысты көзқарасын ашық айтуымен ерекшеленген.

«Бір жолы Талдықорғанға бардым. Өңірлерге ондай сапарларда мемлекет басшысы траптан түскенде гүл шоғымен қарсы алатын. Ондай рәсімге сол өңірдің көз тартар көрікті бойжеткендерін тандайтыны белгілі ғой. Көзіміз де, көңіліміз де үйренген. Көз суарып, көңіл бітеумен тынасың. Әйтсе де сол жолғы әсерім бөлекше. Әуежайда гүл шоғын ұсынған бойжеткен аса әдемі еді. Оттай жанған жанары да, аппақ жүзі де, талшыбықтай мүсіні де көпке дейін көз алдымнан кетпей жүрді.

Сондайда, ақын Қадырдың сөзімен айтқанда, «жүректі жетпісте де қартайтпаған, сезімді сексенде де ортайтпаған» сері Ғабеңді және де мұндай жағдайды басынан кешкен басқа да белгілі тұлғаларды қалай еске алмассың? Ұлы Гете жетпістің екеуіне келгенде он сегіз жастағы Ульрикаға ғашық болған жоқ па еді? Ульрика да ақынның сол уыз сезімін өмір бойы (ол өзі 96 жас жасапты) жүрегінің терең түкпірінде аялап, тек сол адамды сүюмен, сағынумен өткен жоқ па еді? Адамзатқа Гетенің ақырғы махаббатынан туған ғажайып ғазалдар қалды. Мұндай мысалдар жеткілікті. Өмірде де, өнерде де. Өзгелерде де, өзімізде де», — деп жазған Назарбаев кітабында.

Тұңғыш президенттің жазуынша, өзін баурап алған бойжеткенді табудың сәті түскен.

«Арада біраз уақыт өтті. Мені Талдықорған әуежайында қарсы алған әдемі қыз ойыма орала берді. Күндердің күнінде оны табудың сәті аяқастынан түсе кетті. Газеттегі бір фото көзіме оттай басылды: Астанада «Қазақстан аруы» конкурсы өтіп, бас жүлде – Гран-приді сол қыз (есімі Әсел екен) жеңіп алыпты… Енді оны іздеу қиынға түскен жоқ. Таныстығымыз жарастыққа, жарастығымыз жақындыққа ұласты. Бара-бара жүйелі түрде жолығуға айналдық. Әселдің бойынан да, ойынан да өзім іздеген көп қасиет таптым. Ең бастысы – жылдар бойғы жан жалғыздығынан арылдым», — деген экс-президент кітабында.

Нұрсұлтан Назарбаев кітабында екі баласына да тоқталады.

«Әңгімені ұзарта беріп қайтейін. Мұсылман жолымен некемізді қидырдық. Әсел маған екі перзент – алтын асықтай екі ұл сыйлады. 2005 жылы Тауман, 2008 жылы Бәйкен дүниеге келді. Жасым алпыстың бел ортасына келгенде әке болу қуанышы, перзент сүю бақыты басыма қайта қонды. Балаларымның тәй-тәй басқаны, тілі шыққаны мен ойнағаны, екеуінің былдырлап сөйлегені, ойыншықтарымен алып, көтеріп жүретінім, мектепке барғанын, әріптерді танығанын қызықтағанымыз, жұмыстан келгенімде алдымнан жүгіре шығатындары… Мұның бәрі жаңа астана салудың қиын-қыстау кезеңін жеңілдеткендей де еді. Осыларды ойласам, ет жүрегім елжіреп сала береді. Тегінде, адам баласына ең басты бақытты, ең баянды бақытты бала ғана, перзент қана бере алатын болса керек.

Үш перзентімді, үкілеген үш қызымды – Дариғаны, Динараны, Әлияны дүниеге әкелген, жас шағымнан жаныма жалау болған, небір сын сағатта қасымнан табылған Сараға бар ғұмырымда ризамын және қамқоршымын. Сол қилы кезенде де мені түсінгенін, кешіргенін мына өмірдегі бір жұбанышым көремін. Тауман туғанда Алматыға, алдына барып, бар жайды ақтарып, айыбымды айтқанымда тектілігін тағы да танытып еді айтулы әулеттің перзенті. «Бала – періште. Бала бақытты болып өссін» деді сонда Сара. Қыздарым да мені дұрыс ұқты.

Сара Алпысқызының қай әйел үшін де қиын сынақта танытқан кендігінің бір себебін іштей сезетін де сияқтымын. Атасы Арқадағы атақты Қонақай бай екенін жаздым ғой. Сол кісіде ұл болмапты. Ақыры алпыстан асқан жасында бәйбішесі өзі айттырып, жас қызға үйлендірген екен. Ойлағанындай ұл туып, атын Алпыс қойыпты. Кім біледі, бабадан тамыр тартқан сол дәстүр есіне түсіп, болған іске кеңшілік көрсетті ме екен? Әйтеуір, онсыз да қиналған жанымды қажай берген жоқ, сағымды сындырмады.

Мен өзім баланы ұл деп, қыз деп бөлетіндерден емеспін. Үш қызымды да жанымдай жақсы көремін. Олардан туған немерелерді де жиен деп жатпаймын. Ұл бала – шаңырақты ұстайтын ие, әулет жалғастырар кие. Демек, ендігі жерде менің ұрпақтарым да ата тегін «Қарасай — Көшек — Айдар — Мырзатай — Кенбаба — Еділ — Сапақбай — Назарбай — Әбіш — Нұрсұлтан — Тауман, Бәйкен» деп әрі қарай жалғап кете беретін болады. Бұл да дәтке қуат. Ұрпағыңның үзілмегені – үмітіңнің үзілмегені. Қазір екі ұлым да ержетіп қалды. Көзқуанышымыз болып, жақсы өсіп келе жатыр. Адам балаларына айналу арқылы өз өмірін жалғайды. Міне, солай, ағайын. Жан сырымды жайып салдым алдыңызға. Қалай десеңіз де, өзіңіз білесіз. Бұл – өмір. Бір анық нәрсе бар. Жүрекке әмір жүрмейді», — делінген кітапта.

Айта кетейік, Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа кітабы бүгін, 1 желтоқсанда шықты. Бұл туралы Х желісінде оның баспасөз хатшысы Айдос Үкібай жазды.

Анара Бауыржанқызы 01.12.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

СпортАтақ және ақша

Қазақстан азаматтығын алған шетелдік 126 спортшының 79-ы өз еліне кетіп қалған

30.05.2024
Атақ және ақшаӘдебиетРуханият

Қазақ қызы секс туралы роман жазып дауға қалды

29.05.2024
Атақ және ақша

«Өгей шеше өз анаңдай болмайды»: Абай Бегейдің үлкен қызы жазба жариялады

21.05.2024
Атақ және ақша

Танымал продюсердің үстінен қылмыстық іс қозғалды

17.04.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?