Categories: Маңызды

Назарбаев дәуірі мен өзін культ жасау осымен аяқталады

Тұңғыш президент күнін мемлекеттік мереке ретіндегі статустан айырайық дейді депутаттар. Ал кезінде дәл осы «халық қалаулылары» ду қол шапалақтап құтты болсын айтқан еді.

Заң жобасында Тұңғыш Президент күні «жоғары қоғамдық-маңызды әлеуеті бар» күн болып есептелетіні, бірақ одан артық болмайтыны айтылған. Заң жобасы бүгін қарастырылады.

Яғни, 1 желтоқсан — Тұңғыш Президент күні  «Мемлекеттік рәміздер», «Алғыс айту» күні және басқа да жоғары қоғамдық маңызы бар мерекелер қатарынан алынып тасталуы мүмкін.

Халық соңғы жаңалыққа байланысты түрлі пікір білдіріп отыр. Әжептеуір демалып үйренген жұмыс бастылар дұрыс еместігін алға тартса, басқалары депутаттарды қатты сынға алды.

Осы депутаттар нақты іске қашан көшеді. Халықтың жағдайын жақсартуын, бағаны тұрақтандыратын іс жасамайды ма?

Қап, әттеген-ай, соғым соятын күн еді

Баяғыда алып тастау керек еді

Айта кетейік, мемлекет басшысы 2022 жылдың 16 маусымында өткен Ұлттық құрылтай отырысында тапсырыс берген еді. Осы бағытта «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы»  ҚР заңына мынадай түзетулер енгізілді:

25 қазан – Республика күні ұлттық мереке статусын алды.

16 желтоқсан — Тәуелсіздік күні мемлекеттік мереке ретінде белгіленді.

Бұдан бұрын біз депутаттардың басқа да бастамаларын талқылаған едік. Олар жаңа демократиялық мемлекет құру жолында Ата Заңға тағы бір аса маңызды мәселені ензігуді ұсынған еді. Тұңғыш Президенттің өзі ұсынған Астана атауын қайта қалпына келтіру тарихи әділдік болады деп бірауыздан құптады олар.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago