Тұңғыш президент күнін мемлекеттік мереке ретіндегі статустан айырайық дейді депутаттар. Ал кезінде дәл осы «халық қалаулылары» ду қол шапалақтап құтты болсын айтқан еді.
Заң жобасында Тұңғыш Президент күні «жоғары қоғамдық-маңызды әлеуеті бар» күн болып есептелетіні, бірақ одан артық болмайтыны айтылған. Заң жобасы бүгін қарастырылады.
Яғни, 1 желтоқсан — Тұңғыш Президент күні «Мемлекеттік рәміздер», «Алғыс айту» күні және басқа да жоғары қоғамдық маңызы бар мерекелер қатарынан алынып тасталуы мүмкін.
Халық соңғы жаңалыққа байланысты түрлі пікір білдіріп отыр. Әжептеуір демалып үйренген жұмыс бастылар дұрыс еместігін алға тартса, басқалары депутаттарды қатты сынға алды.
Осы депутаттар нақты іске қашан көшеді. Халықтың жағдайын жақсартуын, бағаны тұрақтандыратын іс жасамайды ма?
Қап, әттеген-ай, соғым соятын күн еді
Баяғыда алып тастау керек еді
Айта кетейік, мемлекет басшысы 2022 жылдың 16 маусымында өткен Ұлттық құрылтай отырысында тапсырыс берген еді. Осы бағытта «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» ҚР заңына мынадай түзетулер енгізілді:
25 қазан – Республика күні ұлттық мереке статусын алды.
16 желтоқсан — Тәуелсіздік күні мемлекеттік мереке ретінде белгіленді.
Бұдан бұрын біз депутаттардың басқа да бастамаларын талқылаған едік. Олар жаңа демократиялық мемлекет құру жолында Ата Заңға тағы бір аса маңызды мәселені ензігуді ұсынған еді. Тұңғыш Президенттің өзі ұсынған Астана атауын қайта қалпына келтіру тарихи әділдік болады деп бірауыздан құптады олар.