Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті
26.09.2025
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Атақ және ақша >  «Елімді қатты сағындым». Қазақ қызы АҚШ-тағы өмірі туралы айтты
Атақ және ақша

 «Елімді қатты сағындым». Қазақ қызы АҚШ-тағы өмірі туралы айтты

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 11.04.2023
Обновлено 11.04.2023 в 04:04
Поделиться
Фото: әлеуметтік желіден алынған
Поделиться

АҚШ-та 5 бала тәрбиелеп, кәсібін дөңгелетіп отырған Жансая бұл елге алғаш рет 20 жасында келген. Ол «мұнда түбегейлі көшемін, америкалық жігітке тұрмысқа шығамын» деп мүлде ойламаған, деп хабарлайды Paryz.kz.

Жансая Диксон — Қарағанды облысы Сарышаған ауылында туған. Кейін Балқашқа көшкен. Мектепті аяқтаған соң Қазақ ұлттық университетіне оқуға түскен, оқуды тәмамдаған соң 20 жасында Work and Travel бағдарламасы бойынша АҚШ-қа барған. Араға 2 жыл салып, 22 жасында тағы барып, сонда сүйіктісін кездестірген. Бұл кездесу өмірін түбегейлі өзгерткен. Себебі Америкада ол тек бақытын емес, өзін тапқандай сезінеді.

Қазақстандық ару алғашында АҚШ-та қаламын деп ойламаған. Оның айтуынша, 3 ай Work and Travel бағдарламасы бойынша Америкада болғанда елде дұрыс саяхаттап үлгермеген. Ол кейін өзіне «қайтып келемін, Американың түкпір-түкпірін көремін» деп уәде берген.

Мен жолдасыммен Америкадағы ойын-сауық орталықтарының бірінде таныстым. Ата-анамнан ерте айырылдым, сондықтан әкемнің туған інісінің қолында өстім. Күйеуге шығарда олар іштей қарсы болған шығар, бірақ бетіме келіп ешкім наразылық танытпады. Мүмкін туған баласы болмаған соң, сол жақта аман-есен жүр ғой, бізден көмек сұрамайды, өз күнін өзі көреді, қалауы білсін деген шығар. Қарсы болып, көп сөйлеп, күлгендер де болған шығар. Айтса айта берсін, ең бастысы — олар менің балаларымды асырап отырған жоқ. Сондықтан олардың сөзін елемеймін,

Жансая қазір үйде, балаларының тәрбиесімен айналысады. Оның балалары — кәсіби модель. Олар GAP, Carters, Ralph Lauren сынды әлемдік брендтермен жұмыс істейді.

Қазір 5 баланың анасымын. Балаларым кішкентай кезінен модель болып жұмыс істейді. Бірақ оған жұмыс ретінде қарамаймыз, балабақша сияқты. 3-4 сағат ішінде 20 минут қана суретке түседі. Оның ішінде тамағын береді, ойнатады. Балаларыма өте оңай, оларға ұнайды. Бұл іспен айналысатын бала өте көп. Бізге агент шығып, қандай жоба барын айтады. Сол бойынша келісімшартқа отырып, жұмыс істейміз. Америкада көпбалалы болғаның үшін жәрдемақы төлемейді. Тек ата-ананың біржылдық табысы 40 мың долларға жетпесе, мемлекетке көмек үшін жүгінуге болады.

Жансая баласын сән әлемінде дамытқысы келетін америкалық аналарға көмектеседі. Оның Momager клубы бар. Онда ол түрлі мүмкіндіктерді бөліседі. Оның үстіне, ол — блогер. Instagram-парақшасында 93 мыңнан аса оқырманы бар.

Әзірге өзіме тиесілі кәсіп жоқ. Жолдасым екеуміз ашқан кәсіп бар. Негізі Америкада кәсіп ашу оңай, бірақ ол үшін ширақ болу керек, ештеңеден қорықпау керек.

Жансаяның айтуынша, оның балалары әлі анасының туған жерін көрмеген. Ол туған жерін қатты сағынғанын айтты.

Өкінішке қарай, балаларым қазақша сөйлемейді. Тек үлкен қызым аздап түсінеді. Кенже балама әкемнің есімін қойдым. Америкада қайтыс болған адамның есімін беруге болмайды, сондықтан ортаңғы есіміне Асқар деп қойдым. Қазақстанға барғым келеді. Елімді қатты сағындым. Бұйырса биыл жазда жоспарлап отырмыз. Бірақ оның барлығы ақшаға тіреледі ғой.

ТЕГи: Қазақстан
Сая Манарбековна 11.04.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті
  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?