Әлеуметтік желіге шолу

 «QosLike» және «Қалаулым» сияқты ұятыз бағдарламалар жабылады ма?

Бағдарламаларда жастардың жаман мінез-құлқы мен дөрекі сөздер жиі көрсетілгендіктен, Түркияда оны ұятсыз және ұлттық мәдениетке қайшы деп санады.

Елімізде «QosLike» және «Қалаулым» сияқты бағдарламаларға тыйым салу туралы петиция жарияланды, деп хабарлайды Ztb_kazakhstan.

Петицияда хайп пен бағдарламаның рейтингін арттыру үшін қолдан жасалатын жанжалдардың және басқа да келеңсіз әрекеттердің көріністері жиналған жағымсыз эмоцияларды күшейтетіні айтылған.

Бұл шоулар қазақ отбасының салауатты қарым-қатынасының нормаларына, қоғамға сіңіруге тырысып жатқан адамгершілік пен құндылықтарға қайшы келеді.

Атаулы жобаларда тәрбиелік, тағылымды, мағыналық, отансүйгіштік, адамгершілікті арттыратын, игі, жағымды идеялар, мақсаттар мен құралдар жоқ.

Автор мұндай шоулардың Түркиядан шыққанын, бірақ ол жақта тыйым салынғанын айтты.

Сондықтан телевизиялық кеңістік барлық азаматтар үшін пайдалы және шабыттандыратын болуы керек. Осы себептермен мұндай азғын, келеңсіз жобаларды үзілді-кесілді жабуды талап етеміз», — деді петицияны жариялағандар.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago