Үндістанда аптап ыстықтан 100-ге жуық адам көз жұмды

Үндістанның солтүстігінде аптап ыстықтан 98 адам көз жұмды. Бұл туралы India Today телеарнасының сайты хабарлады.

Адам өлімі соңғы үш күнде Уттар-Прадеш және Бихар штаттарында болған.

15-17 маусым аралығында Уттар-Прадеш штатының Балия ауданында 400 адам жағдайына шағымданып ауруханаға жатқызылды, оның ішінде 54 адам қайтыс болды.

Аудандық денсаулық сақтау қызметкері Джаянт Кумардың айтуынша, науқастардың көпшілігі 60 жастан асқан.

Олардың бәрінің түрлі ауруы болған және қатты ыстықтан жағдайы нашарлап кеткен.

Сондай-ақ Бихар штатында аптап ыстықтан 44 адам көз жұмды. Онда 17 маусымда ауа температурасы 44 градусқа дейін көтерілді.

Associated Press агенттігі 17 маусымда Үндістанның солтүстігіндегі Уттар-Прадеш штатында аптап ыстықтан кем дегенде 34 адамның көз жұмғанын хабарлады.

Өлім-жітімнің көбі Баллия округінде инфаркт, инсульт және диарея салдарынан болған.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

1 месяц ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

5 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

11 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

11 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

11 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago