Categories: Денсаулық

Үндістанда коронавирустың жаңа штамы анықталды

Үндістанда коронавирустың жаңа түрі анықталды. Eris деп аталатын (EG.5.1) жаңа штамм Ұлыбритания тұрғындары арасында алаңдаушылық туғызды, деп хабарлайды ҚазАқпарат The Economic Times басылымына сілтеме жасап.

Коронавирустың геномдық вариацияларын бақылау үшін құрылған Үндістанның SARS-CoV-2 геномика консорциумы жаңа штам жұқтырғандар бар екенін, бірақ алаңдайтын ештеңе жоқ екенін атап өтті.

ХВВ коронавирусының нұсқасы Үндістанда басым штам болып қала береді. Қазіргі уақытта ол осығанға дейінгі барлық жағдайлардың 90-92% құрайды. Мысалы, Омикроннан шыққан 5.1 штамы алғаш рет өткен айда Ұлыбританияда анықталды және қазір бүкіл ел бойынша таралуда. Мониторинг жүйесі жақсы жұмыс істейді, өйткені біз жаңа штамдарды анықтай алдық,

деді Үндістанның коронавирустық аурулар геномикасы консорциумының мүшесі.

Үндістанның Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, соңғы 24 сағат ішінде елде коронавирус жұқтырғандардың жаңа саны 54-ке жетті, белсенді жағдайлардың саны 1574. Вирустан қайтыс болғандар саны 531 918 адамды құрады.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago